«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1082 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспеде "Заңының" деген сөз "Заңын" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеудiң ережесінде:
мәтiндегi "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiндегі", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмi" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiне", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзілімiндегі", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiн", "Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
жетiншi абзацта:
"аралас (өзен-теңiз)" деген сөздер алынып тасталсын;
"жүзетiн кеме" деген сөздiң алдынан "өзен-теңiз суларында" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеме - өзiнiң техникалық сипаттамалары бойынша жарамды әрi белгiленген тәртiппен теңiз және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мақсатында пайдалануға рұқсат етiлген кеме;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"кеме ипотекасы - мемлекеттік тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, iшкi суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалынып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;
қазақстандық жалдаушы - жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бір мерзiмге кеме немесе бірнеше кеме берiлетiн және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетiн жалдау шартының тарабы.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кеменi мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) үшiн, сондай-ақ кеменiң мемлекеттік тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын алу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен алым алынады.";
7-тармақтағы "органнан" деген сөз "органның" деген сөзбен, "рұқсат" деген сөз "шешiмiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеменi бербоут-чартерлiк шарттарда пайдаланатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген кез келген азамат немесе заңды тұлға мұндай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап отыз күннiң iшiнде оны бербоут-чартерлiк тiзiлiмде тiркейдi.";
алтыншы абзацтағы "кеменi" деген сөз "теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы "растайтын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кеменiң ипотека ауыртпалығы туралы мәлiметтерден тұратын" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтағы "кеменiң" деген сөз "теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "уәкiлеттi органның шешiмi негізiнде" деген сөздерден кейiн "әр екi жыл сайын одан әрi ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен артық емес мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармақтағы "рұқсатында" деген сөз "шешiмiнде" деген сөзбен ауыстырылсын;
29-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемеге меншік құқығын растайтын құжат;";
2) тармақшадағы "бұл мемлекеттің тiзілімiнен шығарылғанын" деген сөздерден кейiн "және ипотека ауыртпалығы жоқтығын" деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақ алынып тасталсын;
35-тармақтағы "18" деген сандар "18-1" деген сандармен ауыстырылсын;
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Кеменi мемлекеттік қайта тiркеудi ресiмдеу үшiн порттың теңiз әкiмшiлігіне мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын қамтитын кеменi мемлекеттік қайта тiркеу туралы өтiнiштi ұсыну қажет:
кемеге меншiк құқығын растайтын құжат;
өлшем куәлiгi;
қайта тiркеу кезiнде теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік тiркелгенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат;
біліктiлiк куәлiгi;
жолаушы куәлiгi (жолаушылар кемесi үшiн);
жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк.
Кеменi мемлекеттік қайта тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
37. Кемелердi мемлекеттік қайта тiркеу осы Ереженiң 14-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 37-1, 37-2, 37-3, 37-4, 37-5, 37-6, 37-7, 37-8, 37-9, 37-10, 37-11, 37-12, 37-13-тармақтармен толықтырылсын:
"37-1. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 211 және 212-баптарына сәйкес порттың теңiз әкiмшiлiгi тiркейдi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 13-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
37-2. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiсті тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (7-1-қосымша) берумен расталады және осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
37-3. Кеменiң мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжатты жоғалтқан жағдайда порттың теңiз әкімшілiгi кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бередi.
Кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру туралы өтiнiшпен бірге порттың теңiз әкiмшiлігіне кеменiң мемлекеттік тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердiң мемлекеттік тіркелгенi үшiн алым сомасының бюджетке төленгендiгiн растайтын құжат ұсынылады.
37-4. Кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасының берiлгендiгi туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң мемлекеттік тіркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру осы Ереженiң 14-тармағында белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.
37-5. Порттың теңiз әкiмшiлiгi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан мынадай кеменi шығарады:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа өзгерістер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
4) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған.
37-6. Зақымдалған кеме, егер:
1) кеменi тұрған жерiнде не кеме жеткiзiлуi мүмкiн кез келген басқа жерде қалпына келтiру мүмкiн болмаса;
2) кеменi жөндеу экономикалық тұрғыдан орынсыз болса конструкциялық жағынан күйреген деп саналады.
37-7. Осы Ереженiң 37-5-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығаруды порттың теңiз әкiмшiлiгi кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Өтінiшке онда баяндалған фактілердi растайтын құжаттар, сондай-ақ кеменi мемлекеттік тiркеу кезiнде берiлген куәлiктер қоса берiледi.
37-8. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеменi Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеменiң кеме кiтабынан шығаруды порттың теңiз әкiмшiлiгi кеме иесiнiң (шарттың тараптары) құқық белгiлейтiн құжаттарды қоса берген өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
37-9. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, кеме кiтабында немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiсiнше тiркелген порттың теңiз әкiмшiлігі кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғау үшiн тиiстi шаралар қолдануы үшiн кепiл ұстаушыға кеменiң немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығының тиiстi тiзiлiмнен шығарылатыны туралы хабарлама жiбередi. Олардың келісімi алынбаған кезде кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы кепiл ұстаушыларға хабарланғаннан кейiн үш ай өткен соң тиiстi тiзiлiмнен шығарылады.
37-10. Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару, егер кеменiң барлық тiркелген ипотекалары алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепiлге ұстаушылардың жазбаша келісімi алынған жағдайда ғана жүргiзiледi.
37-11. Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органы кеменi шетел азаматына немесе шетелдiк заңды тұлғаға мәжбүрлеп сатқан кезде Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кiтабынан немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару көрсетiлген орган кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң сатылғанын және сатып алушының өзi қабылдағандарын қоспағанда, ешқандай ипотекалар ауыртпалығы болмағанын куәландыратын құжатты ұсынған кезде жүргiзiледi.
37-12. Осы Ереженiң 37-5, 37-6, 37-7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеменi немесе жасалынып жатқан кемеге құқықтарды тиiстi тiзiлiмнен шығару өтiнiш берiлген күннен бастап жетi күн iшiнде жүргiзiледi. Порттың теңіз әкiмшiлiгi тиiсті тiзiлiмге шығару туралы жазба енгiзедi және кеменiң Теңiз кемелерiнiң мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен, кеме кітабынан немесе жасалынып жатқан кемелер тiзілiмiнен шығарылғаны туралы куәлiк (7-2-қосымша) бередi.
37-13. Кеменi экипажсыз (бербоут-чартер) жалдау шарты бойынша қазақстандық жалдаушыға пайдалануға және иелiк етуге берiлген шетел кемесi мынадай жағдайда бербоут-чартерлiк тiзiлiмнен шығарылады:
1) бербоут-чартерлiк шарттың қолданылуы тоқтаған;
2) кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi аяқталған;
3) уәкiлеттi органның кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы шешiмінiң күшi жойылған.
Бербоут-чартерлiк тiзiлiмде тiркелген шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру мерзімі өткенге дейiнгi бір айдың iшiнде порттың теңiз әкiмшiлiгi қазақстандық жалдаушыға тиiсті хабарлама жiбередi.
Қазақстандық жалдаушы кеме бербоут-чартерлік тiзiлiмге енгiзiлген порттың теңiз әкiмшiлiгiне тиiстi куәлiктi қайтарады.";
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. Жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы кильдiң салынуы немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстарының жүргiзiлуi шартымен жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде тiркелуi мүмкiн.";
41-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кеменi жасалынып жатқан кемелердiң тiзiлiмiне енгізу жасалынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк (9-1-қосымша) берумен куәландырылады.";
43-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Шет мемлекеттің кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме "Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 11-тармағына сәйкес мұндай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап бір ай iшiнде жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеуге жатады.";
алтыншы абзацта:
"аралас (теңiз-өзен) жүзген" деген сөздер алынып тасталсын;
"кемелер" деген сөздiң алдынан "өзен-теңiз" суларында жүзетін" деген сөздермен толықтырылсын;
он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жасалынып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тiркеу құқық иеленушінің немесе онда кеменiң жасалынуы фактiсiн растайтын құжаттар, атап айтқанда:
кеменi жасауға арналған шарт;
киль салынғаны туралы кеме жасаушы ұйымның жазбаша растауы немесе тең бағалы құрылыс жұмыстары жүргiзiлгенiн растайтын сарапшының қорытындысы қоса беріле отырып, тиiстi үлгiде ресiмделген сенiмхаттың болуы шартымен ол (олар) өкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiші негізiнде жүргiзiледi.
Кемелерді және оған құқықтарды Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде, жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеу кезiнде осы Ереженiң 41-тармағында көрсетілген құжаттар оларға тиiстi тiркеу нөмiрлерi қойыла отырып берiледi.";
45-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2, 45-3, 45-4, 45-5, 45-6, 45-7, 45-8, 45-9, 45-10, 45-11-тармақтармен толықтырылсын:
"45-1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден, егер:
1) мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес тұлға жүгiнген;
2) осы Ережеде көзделген талаптар сақталмаған;
3) мемлекеттік тiркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
Бас тартылғаны туралы кеменi мемлекеттік тiркеуге ұсынған кеме иесiне бас тартудың негiздемесi көрсетiле отырып, жазбаша түрде хабарланады.
45-2. Кеменi мемлекеттік тiркеу орны кеменiң меншiк иесiнiң кеме мемлекеттік тiркеуде тұрған аумақтық уәкілетті органға және кеме жаңадан мемлекеттік тiркелген орынның аумақтық уәкiлетті органына жiберетiн өтiнiшi (еркiн нысандағы) негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн.
45-3. Кеменiң мемлекеттік тiркеу орны өзгерген жағдайда кеменiң бұрын мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкiлетті органы кеме жаңадан мемлекеттік тіркелген орнының аумақтық уәкiлеттi органына кеме ісiн жiбередi, бұл туралы Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнiң "Ескертпе" деген бағанына тиiсті жазба енгізіледi.
Кеменiң мемлекеттік тiркеу орнын алдағы уақытта өзгерту туралы кеменiң меншiк иесi тiркелген ипотеканың немесе кеменiң осындай сипаттағы өзге ауыртпалықтарының кепiл ұстаушысына хабарлайды.
45-4. Кеме iсiн алған аумақтық уәкiлетті орган кемеге жаңа реттiк тiркеу нөмiрiн бередi және кеме бұрынғы мемлекеттік тiркелген орында жүргiзiлген Мемлекеттік кеме тізілімiнде қамтылған барлық мәлiметтердi осы Ережеге сәйкес кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркеген орнында жүргiзiлетiн Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне енгiзедi.
Кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілеттi органы бұрынғы мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органына кеменi тiркеу рәсiмінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Кеменiң бұрынғы мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкiлетті органы осы хабарды алысымен кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркелген орнын және жаңа реттiк тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне жазба енгізедi.
45-5. Кеменің мемлекеттік тiркелген орнын өзгерту туралы өтiнiшпен бірге кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркелген аумақтық уәкiлетті органына теңiз, өзен және шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркегенi үшiн бюджетке алым сомасының төленгендiгiн растайтын құжат ұсынылады.
45-6. Егер кеме оқиға немесе кез келген басқа себеп салдарынан Мемлекеттік кеме тiзілiмiне бұрын енгiзiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалса, кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзуге жарамдылығы куәландырылғаннан және ол туралы куәлiк алынғаннан кейiн жүргiзiлуi мүмкін.
45-7. Кеменi мемлекеттік қайта тiркеудi ресiмдеу үшiн аумақтық уәкілетті органға "Iшкi су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып, кеме тiзілiмi сауалнамасын қамтитын кеменi мемлекеттік қайта тiркеу туралы өтiнiш беру қажет.
Кемелердi мемлекеттік қайта тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 44-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
45-8. Кемелердi мемлекеттік қайта тiркеу осы Ереженiң 45-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.
45-9. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын аумақтық уәкiлеттi орган сол кеме тiркелген тiзiлiмге тiркейдi.
Жасалынып жатқан кеменің ипотекасы жасалынып жатқан кемеге меншік құқығы тiркелген жасалынып жатқан кемелердің тiзiлiмiнде тiркеледi.
"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық берiлген шетел кемесiнiң ипотекасы, сондай-ақ шетел алушысы үшін жасалынып жатқан кеменің ипотекасы Қазақстан Республикасында тiркелмейдi.
45-10. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасы кемеге немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн кепiлге берушiнiң өтiнiшi негiзiнде тiркеледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiште мыналар көрсетiледi:
1) кеменiң (кеменiң атауы, тiркеу нөмiрi, тiркелген орны, тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, кеменiң тоннажы) немесе жасалынып жатқан кеменiң (кеменi жасау жүзеге асырылып жатқан орын, жасау нөмiрi, кеменiң үлгiсi, килiнiң ұзындығы және басқа негiзгі өлшемдерi, тіркелiм нөмiрi) сәйкестендiру деректерi;
2) ипотекаға кепiл берушiнiң аты мен мекен-жайы;
3) ипотекаға кепiл ұстаушының аты мен мекен-жайы немесе оның ұсынушыға белгіленгенi туралы мәлiметтер;
4) екi немесе одан да көп кемелерге не жасалынып жатқан кемелерге ипотека белгiлегенде ипотекамен қамтамасыз етілген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келісімi болған жағдайда, мiндеттеменi жеке алғанда әрбір кеме қамтамасыз ететін мөлшер;
5) кеменiң немесе жасалынып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiшке кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт мұндай шартта көрсетiлген құжаттармен қоса берiледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасы мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш алынған күнге тiркеледi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеуге ұсынылған құжаттар осы Ереженiң 44-тармағының талаптарына сәйкес келуi тиiс.
45-11. Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына және осы кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.
Кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеген кезде бұл туралы кеме құжаттарына қандай да бір жазбалар енгізу талап етiлмейдi.
Кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу кеменiң немесе жасалынып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiк (10-1-қосымша) берумен куәландырылады және осы Ереженiң 45-тармағында көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылады.";
46-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 56-1, 56-2, 56-3, 56-4, 56-5, 56-6-тармақтармен толықтырылсын:
"56-1. Аумақтық уәкiлеттi орган Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен мынадай кеменi шығарады:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа өзгерістер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
4) "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған.
56-2. Зақымдалған кеме осы Ереженiң 37-6-тармағының талаптарына сәйкес келгенде конструкциялық жағынан күйреген деп саналады.
56-3. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен шығару кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi. Өтiнiшке онда баяндалған фактiлердi растайтын құжаттар, сондай-ақ құқық белгілейтiн құжаттармен бірге өзен кемесiн мемлекеттік тiркеу кезiнде берiлген куәлiктер қоса берiледi.
56-4. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы тиiсiнше тiркелген аумақтық уәкiлеттi орган кепiл ұстаушылар өз мүдделерiн қорғауға тиiстi шаралар қолдануы үшiн кепiл ұстаушыға кеменiң немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығының тиiсті тiзiлiмнен алдағы уақытта шығарылатыны туралы хабарлама жiбередi. Олардың келісімi алынбаған жағдайда кеме немесе жасалынып жатқан кемеге меншiк құқығы кепiл ұстаушыларға хабарланғаннан кейiн үш ай өткен соң тиiстi тiзiлiмнен шығарылады.
56-5. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығару, егер кеменiң барлық тiркелген ипотекалары алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепiл ұстаушылардың жазбаша келісімi алынған жағдайда ғана жүргiзiледi.
Аумақтық уәкiлеттi орган тиiстi тiзiлiмге шығару туралы жазба енгiзедi және Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе жасалынып жатқан кемелер тiзiлiмiнен шығарылғандығы туралы куәлiк (11-1-қосымша) бередi.
56-6. Кеменi экипажсыз (бербоут-чартер) жалдау шартымен қазақстандық жалға алушыға пайдалануға және иелiк етуге берiлген шетел кемесi мынадай жағдайда жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнен шығарылады:
1) кеменi жалға алу шартының (бербоут-чартердiң) қолданылуы тоқтаған;
2) кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi аяқталған;
3) уәкiлеттi органның кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы шешiмiнiң күшi жойылған.
Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзілiмiнде тiркелген шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi өткенге дейiнгi бір айдың iшiнде аумақтық уәкiлеттi орган қазақстандық жалға алушыға тиiсті хабарлама жiбередi.
Қазақстандық жалға алушы кеме жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне енгiзiлген аумақтық уәкiлеттi органға тиiсті куәлiкті қайтарады.";
мынадай мазмұндағы 63-1, 63-2, 63-3, 63-4, 63-5, 63-6, 63-7, 63-8-тармақтармен толықтырылсын:
"63-1. "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда шағын өлшемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеуден бас тартылуы мүмкін.
Бас тарту туралы шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік тiркеуге ұсынған кеме иесiне бас тартудың негiздемесi көрсетiле отырып жазбаша түрде хабарланады.
63-2. Шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік тiркеу орны шағын өлшемдi кеменiң меншік иесінің шағын өлшемдi кеме мемлекеттік тiркеуде тұрған аумақтық уәкілеттi органға және шағын өлшемдi кеме жаңадан мемлекеттік тiркелген орынның аумақтық уәкілетті органына жiберілетін өтініші (еркiн нысандағы) негiзінде өзгертілуi мүмкiн. Бұл ретте шағын өлшемдi кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органына жіберілетін өтiнiште шағын өлшемдi кеменің ауыртпалығы туралы мәлiметтер көрсетіледi.
Шағын өлшемдi кеменің мемлекеттік тiркеу орны өзгерген кезде шағын өлшемдi кеме бұрын мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілеттi органы шағын өлшемдi кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органына шағын өлшемдi кеменің ауыртпалығы туралы ақпаратты көрсете отырып, тiркеу карточкасын бередi. Шағын өлшемдi кеменiң мемлекеттік тiркеу орнын алдағы уақытта өзгерту туралы шағын өлшемдi кеменің меншiк иесi тiркелген ипотеканың немесе шағын өлшемдi кеменiң осындай сипаттағы өзге де ауыртпалықтарының кепiл ұстаушысына хабарлайды.
63-3. Кеме iсiн алған аумақтық уәкілетті орган шағын өлшемдi кемеге жаңа реттік тiркеу нөмiрiн бередi және шағын өлшемдi кеме бұрын мемлекеттік тiркелген орында жүргiзiлген кеме кiтабында қамтылған барлық мәлiметтердi осы Ережеге сәйкес шағын өлшемдi кеменің жаңадан мемлекеттік тiркелген орнында жүргiзiлетiн кеме кiтабына енгiзедi.
63-4. Шағын өлшемдi кеменiң мемлекеттік тiркелген орнын өзгерту туралы өтiнiшпен бірге шағын өлшемдi кеменiң жаңадан мемлекеттік тiркелген орнының аумақтық уәкілетті органын теңiз, өзен және шағын өлшемді кемелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат ұсынылады.
63-5. Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептің салдарынан шағын өлшемдi кеме кеме кiтабына бұрын енгiзiлген мәліметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүргiзiлуi мүмкiн.
63-6. Шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік қайта тiркеу үшiн аумақтық уәкілеттi органға осы Ереженiң 66-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шағын өлшемдi кеменi мемлекеттік қайта тiркеу туралы өтiнiш беру қажет.
63-7. Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік қайта тiркеу осы Ереженiң 63-тармағында көрсетілген мерзiмде жүзеге асырылады.
63-8. Шағын өлшемді кеменің ипотекасын аумақтық уәкiлеттi орган шағын өлшемді кемеге меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн кепiл берушiнiң өтiнiшi негiзінде шағын өлшемді кеме тіркелген кеме кiтабында тiркейдi.