"Қазақтелеком" ААҚ
2002-2004 жылдары "Қазақтелеком" ААҚ-тың жоғары өндiрiстiк және қаржы көрсеткiштерi байқалды.
2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ-ты серпiндi дамыту жөніндегі оң үрдiстер нығайтылды. Жоспарланған көптеген өндiрiстiк және қаржы көрсеткiштерi асыра орындалды.
Жергiлiктi желiлердi жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Облыс орталықтары мен облысқа бағынышты қалаларда цифрлы ATC орнатылды. Қалалық телефон станцияларында, аймақтық желiлерде цифрлы АТС iске қосылды.
"Қазақтелеком" ААҚ 2002 жылы уақыттық есептеудi жаппай енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастырды. Тараз, Өскемен, Орал, Павлодар, Ақтау, Петропавл, Атырау, Қостанай және Көкшетау қалаларында балама АТС-дың уақыттық есептеу жабдықтары тәжiрибелiк пайдалануға қабылданды.
2002 жылы 12147,2 млн. теңге сомасында таза пайда алынды, бұл 2001 жылғы деңгейден 40,6%-ға жоғары. 2002 жылғы қорытынды бойынша дивидендтер төлеу жай акциялар бойынша 3,24 млрд. теңге мөлшерiнде, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакетiне - 1,8 млрд. теңгенi құрады.
2003 жылы қалааралық, халықаралық телефон трафигi 1499,3 млн. минутты, оның iшінде мынадай бағыттар бойынша: Қазақстан Республикасы 1377,1 млн. минут, ТМД мемлекеттерi бойынша - 108,8 млн. минут, алыс шетелдер бойынша - 13,4 млн. минутты құрады.
2003 жылы таза пайда мөлшерi 14845 млн. теңгенi құрады.
Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру сыртқы қарыздар есебiнен (10865 млн. теңге) және меншiктi қаражатты пайдалану жолымен (8840 млн. теңге) қамтамасыз етiлдi. Инвестициялар жергiлiктi телекоммуникация желiлерін жаңғырту мен дамытуға, Шығыс ТОБЖ салуды аяқтауға, Интернетке сыртқы арнаның жалпы сыйымдылығын 68 Мбит/с дейiн өсiре отырып, деректер беру желiлерін дамытуға бағытталды.
2004 жылы қалааралық, халықаралық телефон трафигi 5%-ға өсiп, 1625 млн. минутты құрайды, негізгi телефон аппараттарының саны тиiсiнше 6%-ғa өсiп, 2362 бiрлiктi құрайды.
2004 жылы 12,3 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда болжанып отыр, бұл 2003 жылғы деңгейден 17%-ға төмен. Бұл төмендеу телекоммуникациялар саласын ырықтандыру саясатын жүргiзу және компанияның қалааралық, халықаралық байланысқа эксклюзивтi құқығын алып тастау нәтижесiнде алынды. Дивидендтердi төлеуге таза пайданың 20%-ын жұмсау жорамалданып отыр.
Компанияның инвестициялық саясаты телекоммуникациялар саласындағы ең жаңа технологияларды дамытуға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағымдар транзитiн көбейтуге, жергiлiктi телекоммуникациялар желілерін дамытуға бағытталған.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
2002 жылы жүк айналымы 133088,4 млн. т-км-дi, жолаушылар айналымы 10448,7 млн. ж-км-дi құрады.
2002 жылғы қорытындылар бойынша таза пайда 20924 млн. теңгенi құрады. Мұндай нәтиже жүк тасымалдарын 14%-ға ұлғайту, тасымалданатын жүктердiң құрылымын өзгерту ("қымбат жүктердiң" үлесi ұлғайды), жүк тасымалдарына тарифтердi 7%-ға ұлғайту, валюта бағамының өсуi, "Қазақстан темір жолы" РМК қайта ұйымдастыру, жөндеу бағдарламасының толық игерiлмеуi әсерiнен болды.
2003 жылы жүк айналымы 147672 млн. т-км-дi құрады. (2002 жылмен салыстырғанда жүктердi тиеу көлемiнiң өсуi есебiнен 11%-ға ұлғайды).
2003 жылдың қорытындылары бойынша 17732 млн. теңге мөлшерiнде оң қаржылық нәтиже алынды, бұл 2002 жылғы деңгейден 15,3%-ғa төмен. 2003 жылы бюджетке 1773,2 млн. теңге мөлшерiнде мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер аудару жоспарланып отыр.
2003 жылы инвестицияларды игеру 50185 млн. теңгенi, оның iшiнде сыртқы қарыздар есебiнен 9549 млн. теңгенi, меншiктi қаражат есебiнен 40636 млн. теңгенi құрады.
2004 жылы жоспарланып отырған жүк айналымы 159108 млн. т-км-дi құрайды, бұл 2003 жылғы деңгейден 7,1%-ға жоғары. Бұл өсу жүктердi тиеудiң өсуi есебiнен алынды.
2004 жылдың қорытындылары бойынша 580 млн. теңге мөлшерiнде оң қаржылық нәтиже күтіліп отыр, 2003 жылмен салыстырғандағы құлдырау өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құнының негiзгі қызметтен түсетiн кiрiстерден 5% өсiмiне 25,8%-ға өсуiне байланысты. 2004 жылы мемлекеттік акциялар пакетiне дивидендтер төлеуге таза пайда үлесi 58 млн. теңгенi құрайды.
Магистральдық темір жол желісі инфрақұрылымы объектілерiн оңалту инвестициялық қызметте негізгi орын алады. 2004 жылы инфрақұрылымды оңалтуға және дамытуға 21100,1 млн. теңге, байланысты ақпараттандыруға және дамытуға 1901,4 млн. теңге, Хромтау - Алтынсарин темір жол желісін салуға 1739,0 млн. теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға және импортты алмастыратын жаңа өндiрiстердi құруға инвестициялар көлемi 499,5 млн. теңгенi құрайды.
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
Рейстер мен жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша әуежай арқылы қозғалыс көлемi Компанияның өндiрiстiк қызметiн сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Өткен кезеңмен салыстырғанда қызмет көрсетілген рейстер санының даму үрдiсi 2002 жылы 15%-ға және 2003 жылы 14%-ғa ұлғаюмен сипатталады. Қызмет көрсетiлген жолаушылар саны да тиiсiнше 17%-ғa және 23%-ға өстi. 2002 жылы аталған көрсеткiштер бойынша орташа тәулiктiк деректерi әуе кемелерiнiң 28 ұшу-қонуын және 883 қызмет көрсетiлген жолаушыны, 2003 жылы тиiсiнше 32 және 1088-дi құрады.
Бар бағыттардағы рейстердiң жиiлiгiн ұлғайту және жаңаларын ашу осы үрдiстiң айқындаушы факторы болып табылады. 2002-2003 жылдары Компания қызмет көрсеткен рейстер мен жолаушылардың жалпы көлемiнiң негiзгі үлесiн Қазақстанның барлық iрi қалаларының астанамен байланысын қамтамасыз ету үшiн iшкi әуе желiлерiн кеңейтумен негiзделген iшкi әуе тасымалдары құрайтынын (75%) атап өткен жөн.
2003 жылы Компанияның кiрiсi 3754 млн. теңге құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 162%-ға (2319 млн. теңге) және жоспар деңгейiнен 136%-ға (2165 млн. теңге) асып түстi. Қоғамның операциялық емес қызметтен түсетiн кiрiстерiнiң 1899 млн. теңгеге ұлғаюы кiрiстердiң едәуір өсуiнiң айқындаушы факторы болды.
Операциялық қызметтен түсетiн кiрiстердiң 2002 жылғы деңгейден 30%-ға (425 млн. теңге) ұлғаюы әуе тасымалдарының 15%-ға ұлғаюы және 2003 жылғы екiнші тоқсаннан бастап әуежайдың реттейтін қызметтерiне тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейiнiң артуы салдарынан болды. Өткен кезеңмен салыстырғанда 2003 жылы тарифтер деңгейiнiң едәуiр ұлғаюын табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік уәкiлеттi орган бұрын тұрақты iшкi әуе тасымалдары үшiн әуежайлардың қызметтерiне тарифтерді теңгемен қайта есептеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1999 жылғы 1 сәуiрге белгiлеген АҚШ долларының тiркелген бағамы (87,5 теңге) бойынша жүзеге асырғандығымен түсiндiруге болады.
2003 жылы әуежайдың шығыстары 3034 млн. теңгенi құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 77%-ғa немесе 1316 млн. теңгеге асып түстi және жоспарланатын көлемнен 60%-ға (1143 млн.теңгеге) ұлғайды.
Әуежайдың операциялық емес қызметтен болатын шығыстарының 892 млн. теңгеге ұлғаюы Қоғам шығыстарының ұлғаюының негiзгі себебi болды, мұнда негізгі құралдарды қайта бағалаумен байланысты шығыстар (тиiсті тозуды түзетумен - 570 млн. теңге), сондай-ақ бағамдық айырма бойынша шығыстар негізгі үлесті құрайды.
2003 жылы республикалық бюджет қаражаты есебiнен (1515 млн. теңге) әуежайдың ұшу-қону алаңына қайта жаңарту жүргiзiлдi.
2003 жылдың қорытындылары 720 млн. теңге сомасындағы оң қаржы нәтижесiмен сипатталады.
2004 жылы 12764 рейске және 441705 жолаушыға қызмет көрсету күтіліп отыр, бұл өткен жылғы деңгейден тиiсiнше 11%-ға және 23%-ға асып түсiп, жоспарланған көлемдерге сәйкес келедi.
Жалпы көлемдегi бағыттар бойынша жолаушылар тасымалы рыноктарының үлесi өткен кезеңдегi деңгейде сақталып отыр және iшкi желiлер үшiн 78 %-ды халықаралық тасымалдар үшін 22 %-ды құрайды.
2004 жылы Компания кiрiстерi 4915 млн. теңге сомасында көзделiп отыр, бұл 2003 жылғы деңгей мен жоспардан 31 %-ға (1160 млн. теңге) асып түсті. Кiрiстердiң өсуiнiң негiзгі факторлары: әуе тасымалдары көлемiнiң өсуiмен және 2003 жылғы екiншi тоқсаннан бастап тарифтер деңгейiнiң өзгеруiмен, сондай-ақ Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (JBIC) қарызының кредиттiк қаражатын қайта бағалау кезіндегі бағамдық айырмамен байланысты Қоғамның операциялық емес қызметтен түсетiн кiрiстерiнiң 485 млн. теңгеге ұлғаюымен байланысты әуежай қызметтерiн көрсетуден түсетiн кiрістердiң ұлғаюы болып табылады.
2004 жылы әуежай шығыстары 4340 млн. теңгенi құрайды, бұл 2003 жылғы деңгейден 43%-ға немесе 1306 млн. теңгеге асып түседi және жоспарланатын көлемнен 15%-ға (579 млн. теңге) ұлғайды.
Бағамдық айырма бойынша шығыстармен байланысты операциялық емес қызмет бойынша шығыстардың 1090 млн. теңгеге ұлғаюы көрсетiлген кезеңде Қоғам шығыстарының ұлғаюының негiзгi себебi болды.
2004 жылғы қорытындылар 574 млн. теңге сомасындағы оң қаржы нәтижесiмен күтiлуде.
Компанияның инвестициялық қызметi екi негiзгі бағыт бойынша жүзеге асырылды:
1. "Астана қаласының халықаралық әуежайын салу" жобасын iске асыру
Жобаның жалпы құны 35,9 млрд. теңге, қаржыландыру көздерi Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің (JBIC) үкiметтiк қарызы және республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру. Iске асырылу кезеңi 1998-2005 жылдар.
Жобаның TЭH-не сәйкес жаңа терминалдың сағатына 600 жолаушыға дейiнгi жобалы қуатқа шығуы 2005 жылға жоспарлануда.
2. Негiзгi қорларды ауыстыру
Негiзгі қорларды жаңғырту шеңберiнде әуежайдың меншiктi қаражаты есебiнен негiзгі құралдарға жөндеу жүргізiлдi және олар ауыстырылды (арнаулы техника, жабдық, әуе кемелерi тұратын орындарды жөндеу).
"Қазақпарат" ҰК" ААҚ
2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы кiрiстердiң 4 есе немесе 79,9 млн. теңгеге ұлғаюы байқалды. Бұл ретте шығыстар 78,9 млн. теңгеге немесе 3 есе өстi. Кiрiстердiң өсуiнiң шығыстардың 6 %-ға асып түсуi Компанияның қаржы жағдайының бiртiндеп оңалуының және дағдарыс алдындағы жағдайдан шығуын білдіредi.
Ақпараттық өнiм өндiрiсi өсуiнiң жандануы, жазылушылар санын ұлғайту жөнiнде алдын ала қабылданған шаралар, ұсынылатын өнiм сапасының артуы, тілшiлiк желiнi одан әрi iрiлендiру Компанияның белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткізуiне мүмкiндiк бердi.
Компанияның өндірiстiк қуатының өсуiн егжей-тегжейлi қараған жағдайда 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы шығарылатын жаңалық өнімiнiң абсолюттi мәндегi саны жыл сайын 15204 жаңалыққа немесе 83,4%-ға өсті.
2003 жылы жұмыс қорытындылары бойынша жалпы кiрiс 100,9 млн. теңгенi, шығыстық бөлiк 102,7 млн. теңгенi құрады, бұл 1,8 млн. теңге мөлшеріндегі залалды нәтижеге әкеп соқты.
2004 жылы негізгi қызметтен түсетiн кiрiс 142,9 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 43%-ғa немесе 43,2 млн. теңгеге артық. Бұл ретте шығыстар 137,2 млн. теңге сомасында жоспарланған, бұл 2003 жылғы соған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 34%-ға артық.
2004 жыл бойы қолданыстағы ұстанымдарды күшейту, әрi неғұрлым перспективалы ақпараттық рыноктарға шығу жоспарлануда. Осы тұрғыда сапалы компаниялар санын жүргiзу есебiнен клиенттік базаны одан әрi кеңейту, сондай-ақ жаңа пилоттық жобаларды енгізу, қосымша маркетингтiк әзiрлемелердi жүргiзу ұйғарылып отыр.
Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатын жария ету үшiн 2004 жылдың басында Компания сайтында "Индустриялық-инновациялық саясат" атты баннер орналастырылды, мұнда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының тарихына, ағымдағы жай-күйiне және перспективаларына қатысты барлық тақырыптар мен мәселелердiң жарияланымы көрiнiс тапты.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ
Машина жасау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын "Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысының негiзінде құрылды.
2002 жылы Компания өндiрген өнiм көлемi 4,4 млрд. теңгенi, 2003 жылы 3,9 млрд. теңгенi құрады, азаю 11,4%-ды құрады.
Негiзгi қызметтен түсетін кiрiс 2002 жылы 4,9 млрд. теңгенi, 2003 жылы 4,5 млрд. теңгенi құрады. Кiрiстердiң азаюы 8,6%-ды құрады.
2002 жылы таза залал 75 млн. теңге сомасында қалыптасты, 2003 жылы 609,7 млн. теңгенi құрады.
2003 жылы мұндай залалдық цифрларының пайда болуын туындатқан себептер: өткен жылдар шығыстарының 2003 жылы көрiнiс табуы, кәсiпорындарда жүйеленген әрi дұрыс бухгалтерлiк және салықтық есептiң болмауы, дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiндегі қанағаттанғысыз жұмыс, өнiмнiң өзiндiк құнын қалыптастырудың дұрыстығын бақылаудың болмауы болып табылады, бұл тауарларды өзiндiк құнынан төмен өткізуге алып келдi.
2005-2007 жылдарға арналған перспективалар
"ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Компания өз алдына мынадай ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаттарды қояды:
шикiзат базасын дамыту және шикiзат өндiрудiң жоғары өсу қарқынын ұстап тұру;
шикiзат ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлігін арттыру;
мұнай операцияларын қолдау үшiн мұнай өңдеу саласын, мұнай-газ тасымалы жүйесi мен инфрақұрылымын дамыту;
жобаларды Компанияның Солтүстiк Каспий жобасын iске асыру шеңберiнде қатысуымен кеңейтудi қамтамасыз ету;
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасына сәйкес функциялар мен iс-шараларды жүзеге асыру;
мұнай-газ саласы үшін ұлттық кадрларды дамыту;
өндiрiстегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
Мұнай мен газ өндiру жөнiндегі қуаттың, техникалық деңгейдiң өсуi, инфрақұрылымды дамыту және әртараптандыру негiзiнде Компания мен оның еншiлес ұйымдарының көмiрсутектердi барлауды, өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды және өткізудi қоса алғанда, инвестициялық қызметiнiң тиiмдiлігін қамтамасыз ететiн белсендi инвестициялық саясат қойылған мақсаттарға қол жеткізудегi негізгі құрал болып табылады.
2005 жылы мұнай өндiру 8,7 млн. тоннаға, ал 2006 және 2007 жылдары 8,85 млн. тоннаға жетедi деп жоспарлануда.
Атырау МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемi 2005 жылы 2500 млн. тоннаны және 2006 мен 2007 жылдары 3100 млн. тоннаны құрайды.
2006 жылы мұнай тасымалдау көлемi 2007 жылы 52,3 млн. тоннаға ұлғаюымен 46,6 млн. тонна деңгейiнде жоспарлануда.
2005 жылы газ тасымалдау көлемi 133,3 млн. м.3, 2006 жылы 141,2 млн. м.3, 2007 жылы 154,7 млн. м.3 құрайды.
Компанияның жиынтық таза табысы 2006 жылы - 40,2 млрд. теңге және 2007 жылы - 45,7 млрд. теңге болып жоспарлануда.
Мұнайды өткізу барлық үш дәстүрлi бағыт бойынша жүзеге асырылады: iшкi рынок (Атырау МӨЗ), жақын және алыс шетелдерге экспорт, оның үстiне Атырау МӨЗ-ге және алыс шетелдерге жеткізу басымдылық сипатқа ие болады. Алыс шетелдерге экспорт шығару 2003 жылы 2,1 млрд. тоннадан 2007 жылы 2,2 млн. тоннаға дейiн ұлғаяды.
Бірқатар негiзгі инвестициялық жобаларды, оның iшiнде:
Өзен кен орнын оңалту (19,3 млрд. теңге) және Амангелдi топты газ кен орындарын игеру (21,5 млрд. теңге) жобаларын;
мынадай: Оңтүстiк Жамбай - Оңтүстiк Забурунье (310 млрд. теңге), Түпқараған (15,4 млрд. теңге), Аташ (3,5 млрд. теңге), C1 жағалау блогы, С2 жағалау блогы, Арал (14,2 млрд. теңге) кен орындарын геологиялық барлау және игеру жобаларын;
Атырау МӨЗ-дi қайта жаңарту жобасын (42,9 млрд. теңге);
Атырау қаласы әуежайының ұшу-қону алаңын салу жобасын (3,4 млрд. теңге);
Батыс Қазақстанда мультсервистік байланыс желісін салудың және Атырау-Теңiз-Ақтау, Шымкент-Құмкөл учаскелерiнде ТОБЖ салуды қаржыландыруға үлестік қатысудың бiрiктiрiлген жобасын (2,1 млрд. теңге); мұнай мен газды қайта өңдеу өнiмдерiн өткізу желісін құру және кеңейту жобасын (3,5 млрд. теңге) жүзеге асыру жоспарлануда.
"Қазатомөнеркәсiп" ҰAК" ЖАҚ
Мақсаттары мен міндеттерi
Уран өнеркәсiбi кәсiпорындарын басқару функцияларын қамтамасыз ету Қоғамның негізгі мақсаты болып табылады.
Мақсаттарға орай, болжамды кезеңде шешiлуi қажет мынадай мiндеттер қалыптасты.
Уран өндірiсiн дамыту бойынша
жылына BBЭP үлгiсiндегі реакторлар үшін 200 тонна отын таблеткаларын және РБМК үлгiсiндегі ресейлiк реакторлар үшін 200 тонна отын таблеткаларын өндiре отырып, УГФ мен қалпына келтiрiлген уранды отын таблеткаларына дейiн қайта өңдеу қызметтер көрсету рыногында өз ұстанымын сақтау;
құрамында уран бар материалдарды - қайталама балқымаларды жылына 150 тонна көлемінде қайта өңдеу қызметтері бар әлемдік уран рыногындағы өз ұстанымдарын сақтау және кеңейту;
ТУХК-тi уранның техникалық тотықша-тотығына дейін жылына 2400 тонна көлемiнде қайта өңдеудi қамтамасыз ету;
құрамында уран бар өнiмдермен - уран диоксиді ұнтағымен және ауырсу реакторлары үшін таблеткалармен, қазақстандық шикiзаттан уранның байытылмаған гексафторидiмен алыс шетел рыноктарына шығу.
Бериллий өндірісін дамыту бойынша:
бериллий лигатуралары мен құймакесектерiн өндiрудiң экономикалық тиiмдiлiгін арттыру;
мыс-бериллий қорытпаларын өндiру және сату көлемдерiн ұлғайту;
мыс-бериллий лигатураларын алудың карботермикалық технологиясын жетiлдiру;
карботермия әдiсiмен алынған лигатурадан құрамында 10% бериллий бар мыс-бериллий өндiрудi игеру.
Тантал-ниобий өндiрiсiн дамыту бойынша:
тантал-ниобий шикiзатының дербес шикiзат базасын құру және дамыту;
тантал-ниобий шикiзатын кешендi өңдеу жөнiндегі технологияларды әзiрлеу және қуаттарды құру;
ниобий өнiмiнiң толық спектрін өндiрудi игеру, дайын бұйымдарға шығумен қайта өңдеу дәрежесiн одан әрi арттыру.
2006 жылы 3552 млн. теңге, 2007 жылы 4391 млн. теңге таза пайда алу жоспарланып отыр.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
бәсекеге қабiлеттi ядролық отын өндіру;
уран өнiмiнiң барлық түрi бойынша маркетингтік зерттеулердiң тиiмдiлiгін арттыру;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жартылай үзбей құю технологиясын енгізу;
конденсаторлар үшiн сыйымдылығы жоғары тантал ұнтақтарын және сым өндiру технологиясын құру;
жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi техникалық қайта жарақтандыру.
Инвестициялық жобалар
Уран, бериллий және тантал өндiру жобаларын iске асыру өңiрi Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, "ҮМЗ" ААҚ.
Уран өндiрiсi:
"YMЗ" ААҚ-та "№ 600 корпуста апаттық дабыл беру жүйесiн қайта жаңарту" (жобаның жалпы құны - 4,85 млн. теңге);
№ 600 корпуста "Желдету және үйлестiру жүйесін оңтайландыру" (61 млн. теңге);
"АЭС үшiн отын элементтерін өндiрудi жетiлдiру. № 600 корпуста уран тотығын қалпына келтiрудiң зертханалық учаскесi" (28,6 млн. теңге);
"4.4A корпусында уранның күлi мен ашылуы қиын концентраттарын қайта өңдеу жөніндегi толық технологиялық цикл құру" (220,9 млн. теңге);
"Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi техникалық қайта жарақтандыру" (1072,1 млн. теңге);
"Қышқылдардың шығыстық қоймасы. 713-құрылыс" (69,5 млн. теңге).
Бериллий өндiрiсi:
"Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi техникалық қайта жарақтандыру" (313,1 млн. теңге).
Тантал өндiрiсi:
"Танталдан жасалған сыйымдылығы жоғары ұнтақтарды шығару технологиясын әзiрлеу және оны игеру" (1186,3 млн. теңгe);
"YМЗ - тау-кен байыту комбинаты". Меншiктi плавиктi шпат шикiзат базасын құру болжануда. Жобаның жалпы құны - 1129,4 млн. теңге;
"Булаушы тоғандарды қайта жаңалау" (562,5 млн. теңге).
"Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ
Мақсаттары мен міндеттері
2005-2007 жылдары елдiң азық-түлiк қауіпсiздiгін қамтамасыз ету, астық бағасының демпингiнiң алдын алу, астық өткізу рыноктарын кеңейту компанияның негiзгi мақсатына жатады.
Мыналар Корпорацияның негiзгi мiндетi болып табылады:
мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын және жаңартылуын қамтамасыз ету;
қазақстандық астықты әлемдiк рыноктарға жылжыту және дәстүрлі рыноктардағы ұстанымдарды нығайту.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
2005-2007 жылдары мынадай шаралар көзделеді:
тұқымдық материал сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргiзу;
iшкi рыноктағы астық бағасын реттеу;
мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервінiң сақталу сенімдiлiгiн арттыру;
қазақстандық астықты, оның iшiнде оны тасымалдау жөніндегi проблемаларды шешу жолымен өткізудiң тиiмділігiн жоғарылату;
астық өңдеушi ұйымдарға астық өткізудiң тәртібін, оның уақтылы және тиiмдi өткiзiлуiн қамтамасыз ету мақсатында жетiлдiру;
қазақстандық астықты халықаралық рыноктарға жылжыту.
2005 жылға арналған жалпы кiрiс 36697,1 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланған, оның iшiнде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетiн кiрiс 4880,9 млн. теңге;
меншіктi қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кiрiс - 31813,2 млн. теңге. 2005 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетiне 244,7 млн. теңге мөлшерiнде дивидендтер аудару жоспарланады.
2006 жылға арналған жалпы кiрiс 37407,4 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланды, оның iшiнде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кiрiс 4975,4 млн. теңге;
меншiктi қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кiрiс - 32431,9 млн. теңге. 2006 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетiне 249,4 млн. теңге мөлшерiнде дивидендтер аудару жоспарланады.
2007 жылға арналған жалпы кiрiс 38131,4 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кiріс 5071,7 млн. теңге;
меншiктi қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кiрiс - 33059,7 млн. теңге. 2007 жылы бюджетке мемлекеттік акциялар пакетiне 254,2 млн. теңге мөлшерiнде дивидендтер аудару жоспарланады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қоғамның 2005-2007 жылдардағы негізгi мақсаты электрондық үкiметтi құру үшiн базаны қалыптастыру болып табылады.
Қоғамның негiзгі мiндеттерi болып мыналар табылады:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қазiргi заманғы технологияларды қолдана отырып қалыптастыру, оның iшiнде электрондық үкiметтiң инфрақұрылымын құру iске асыру және оған қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын бірiктiру;
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін жүйелiк-техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу, телекоммуникациялық қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшін техникалық базаны қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
Мақсаттарға қол жеткізу және мiндеттердi iске асыру үшiн Қоғам 2005-2007 жылдары мынадай шараларды көздейдi:
ақпараттық технологиялар саласында тәжiрибенi зерттеу және озық халықаралық компаниялармен ынтымақтастық;
жоғары білікті ұжымды оқыту және қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымының нормативтiк құқықтық базасын қалыптастыруға қатысу және жетiлдiру;
мемлекеттік органдардың қолданыстағы және әзiрленетiн ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру.
Қоғам 2005 жылы қаржылық-шаруашылық қызметiнен 51,9 млн.теңге мөлшерiнде таза табыс алуды жоспарлап отыр, оның бюджетке 4,9 млн.теңге мөлшерiнде акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердi аудару жоспарлануда.
Қоғам 2006 жылы қаржылық-шаруашылық қызметінен 67,2 млн.теңге мөлшерінде таза пайда алуды жоспарлап отыр, оның 30,2 млн.теңге мөлшерiнде бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді аудару жоспарлануда.
Қоғам 2007 жылы қаржылық-шаруашылық қызметiнен 71,8 млн.теңге мөлшерiнде таза пайда алуды жоспарлап отыр, оның 35,9 млн.теңге мөлшерінде бюджетке акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтердi аудару жоспарлануда.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қордың 2005-2007 жылдардағы негiзгi мақсаты кәсiптiк менеджментпен тұрақты қаржы институты ретiнде Қазақстан Республикасы халқының барлық топтары мен өңiрлерi үшiн зейнетақы қызметтер көрсетуiнiң сапасы мен оған қол жеткізудiң жоғары деңгейiн ұсынатын қор ретiнде құрылуы болып табылады.
Осы мақсатты iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу жоспарланып отыр:
менеджмент пен қызметтер көрсету сапасының халықаралық стандарттарын енгізу және сақтау;
салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын сақтау мен өсiру мүдделерiне сай зейнетақы активтерiн тиiмдi инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету;
Қордың қаржылық орнықтылығын және салымшылардың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдердi басқару жүйесiн әзiрлеу және енгізу;
Қордың қалыптасқан салымшыларымен олардың зейнетақы заңдары бойынша өз құқықтары мен мiндеттерi туралы білімдерiн арттыруды, сондай-ақ тұрғындар үшiн Қор қызметiнiң ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсiндiрме жұмысын күшейту;
жүйе арқылы өңiрлерде өңiрлiк өкiлдiктердiң, филиалдардың (Алматы қаласында филиал құруды қоса алғанда), агенттiк пункттердiң және жеке тұлға-агенттердiң жұмысын ұлғайта отырып, тұрғындар үшiн зейнетақы қызметтер көрсетуiнiң қол жеткізу мүмкiндiгiн және оның сапасын арттырудан тұратын өңiрлiк саясатты одан әрi белсендi дамыту;