«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы
№ 369A қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1077 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.04.09. № 835 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы № 369A қаулысына мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1) көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 16, 17-жолдармен толықтырылсын:
"16. "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамы
17. "Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы";
2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 13, 14, 15-жолдармен толықтырылсын:
"13. "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамы
14. "Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы
15. "Теңiзшевройл" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi".
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |