«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1389 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1076 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ETEДI:
1. "Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсін:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Компанияға магистральдық темір жол желiсiнiң берiлуiне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темір жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 5 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |