6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның кешендi сипаты бар, сондықтан өңiрдiң проблемаларын кешендi шешуге 2004-2006 жылдары бағытталатын негiзгi қаражат экологияны оңалтуға, аумақтар мен халықты сумен жабдықтауды жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберiнде көзделетiн болады.
Оларға:
Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы;
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
"Білім" мемлекеттік бағдарламасы;
"Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы;
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы жатады.
Бұдан басқа, Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер есебiнен қаржыландырылатын басымды республикалық инвестициялық жобалар мен жергiлiктi инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзiлген, 2004-2006 жылдары қаржыландыру көлемiнiң жалпы сомасы 17285,33 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 5051,28, 2005 жылы 7884,33, 2006 жылы - 4349,72 млн. теңге болатын жобаларды iске асыру көзделедi.
Арал өңiрiнiң проблемаларын шешуге республикалық бюджеттен барлығы 44796,56 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 10693,41 млн. теңге, 2005 жылы - 16077,09 млн. теңге, 2006 жылы - 18026,06 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделіп отыр.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Тұтастай алғанда Бағдарламаны iске асыру өңiрдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен, ең алдымен ауылдық жерде тұратын халықтың денсаулық сақтау, білім беру, сумен қамтамасыз ету, көлiк және коммуникация қызметiне қол жеткізуiн қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс.
Арал өңірi мен елiмiздiң өзге де өңiрлерінің халқының өмiр сүру жағдайларының айырмашылығы қысқарады.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесi өңiрде экономиканың шикізаттық емес, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған секторын құру болуы тиiс.
Арал өңiрiнiң индустриялық-инновациялық дамуы өңiр экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудi, шикiзаттық емес секторға инвестициялар мен қазiргі заманғы деңгейдегі технологияларды тартуды, өндiрiстердi техникалық қайта жарақтандыру мен жаңғыртуды, жаңа жұмыс орындарын жасауды әрі рынокты бәсекеге қабiлетті өнiмдермен толтыруды қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны iске асыру кезеңiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 7 туберкулезге қарсы аурухана және диспансер, 11 мектеп, 9 магистральды және шаруашылықаралық арна, 9 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объектiлер салынады және қайта жөнделедi.
8. Арал өңiрiнiң проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
┌──────┬───────────────┬───────┬───────┬────────┬─────────────┬───────┐
│ p/c │ │Аяқталу│Орында-│ Орындау│ Болжалды ├Қаржы- │
│ N │ Iс-шара │нысаны │луына │ (іске │ шығындар │лан- │
│ │ │ │(iске │ асыру) │ (млн. │дыру │
│ │ │ │асыры. │ мерзімі│ теңге) │көзі- │
│ │ │ │луына) │ │ │дері │
│ │ │ │жауапты│ │ │ │
├──────┼───────────────┼───────┼───────┼────────┼─────────────┼───────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├──────┴───────────────┴───────┴───────┴────────┴─────────────┴───────┤
│ 1. Экологиялық ахуалды оңалту │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1.1 "Арал өңiрiнде- Қазақ- Қорша- Жыл 2004 жыл - Респу- │
│ гi экологиялық стан ғанор- сайын 9,0 бли- │
│ қасiрет салда- Респу- таминi 4-тоқсан 2005 жыл - калық │
│ рынан зардап блика- 4,0 бюджет │
│ шеккен азамат- сының 2006 жыл - │
│ тарды әлеумет- Үкiме- 7,0 │
│ тiк қорғау тіне │
│ туралы" Қазақ- ақпарат │
│ стан Республи- │
│ касы Заңының │
│ қолданысына │
│ жататын ауылдық │
│ аумақтарға │
│ экологиялық- │
│ демографиялық │
│ зерттеу жүргi- │
│ зу, әкiмшілiк │
│ аудандардың │
│ экологиялық │
│ паспорттарын │
│ жасау │
│ 1.2 Әзірленетiн Қазақ- Қорша. 2004 Талап │
│ Қоршаған ортаны стан ғанор. жылғы етілмейдi │
│ қорғаудың 2005- Респу- таминi, 4-тоқсан │
│ 2007 жылдарға блика- АШМ, │
│ арналған бағ- сының ЖРА, │
│ дарламасы шең- Үкiме- Ақтөбе, │
│ берiнде Арал тіне Қара- │
│ өңірi аймағы- ақпарат ғанды, │
│ ның шөлейтте- Қызы- │
│ нуіне қарсы лорда, │
│ күрес шараларын Оңтүс- │
│ болжау тік │
│ Қазақ- │
│ стан │
│ облыс- │
│ тарының │
│ әкім- │
│ дерi │
│ 1.3 Арал теңiзi Норма- Қорша- 2005 Талап │
│ бассейнінде тивтiк ғанор- жылғы етiлмейдi │
│ жердiң тозуын құқық- таминi, 2-тоқсан │
│ алдын алу және тық АШМ, │
│ болдырмау, тоз- кесiм ЖРА, │
│ ған жерлердi жобасы Ақтөбе, │
│ қалпына келтi- Қара- │
│ ру жөніндегі ғанды, │
│ iс-шаралар Қызы- │
│ кешенін әзiрлеу лорда │
│ Оңтүс- │
│ тiк Қа- │
│ зақстан │
│ облыс- │
│ тарының │
│ әкiмдерi │
│ 1.4 Сайғақтарды Норма- Қорша- 2005 Талап │
│ және олардың тивтiк ғанор- жылғы етілмейдi │
│ көшу жолдарын- құқық- таминi, 1-тоқсан │
│ да, қыстау және тық АШМ, │
│ жазғы орында- кесiм- Ақтөбе, │
│ рында мекендеу нiң Қара- │
│ ортасын сақтау жобасы ғанды, │
│ жөніндегі шара- Қызы- │
│ ларды әзірлеу лорда, │
│ Оңтүстік │
│ Қазақ- │
│ стан │
│ облыс- │
│ тарының │
│ әкiмдерi │
│ 1.5 Сырдария өзені- Норма- Ақтөбе, 2005 Талап │
│ нің сағасындағы тивтiк Қара- жылғы етiлмейдi │
│ және жағалаула- құқық- ғанды, 1-тоқсан │
│ рындағы тоғайлы тық ке- Қызы- │
│ ормандар мен сiм- лорда, │
│ жайылым жерлер- дердің Оңтүс- │
│ ді сақтау және жоба- тiк │
│ қалпына келтiру лары Қазақ- │
│ жөніндегі шара- стан │