Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
13-баптың бірінші бөлігінде:
төртінші абзацта:
"өзімен бірге 7 жасқа дейінгі" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
"әуе," деген сөз алып тасталсын;
бесінші абзац "билеттің толық құнының" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "тасымалдау кезінде" деген сөздерден кейін ", әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші - тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
- халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.".
2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қыркүйектің 29-ы.
№ 77-III ҚРЗ