«2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1347
Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерiн 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң 7,7 пайызына арттыру жүргiзiлсiн.
2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс деп белгiленсiн.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |