«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң
Мемлекеттік өртке қарсы қызметiнiң мәселелерi »
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1788 қаулысы
( ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж.30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 және "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы 1997 жылғы 17 қарашадағы № 1593 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен алып тасталды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызметiн ұйымдастырудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 22 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 192-құжат):
атауындағы және мәтiніндегі "мемлекеттік комитетiнiң", "мемлекеттік комитетiмен", "мемлекеттік комитетiне" деген сөздер тиiсiнше "комитетiнiң", "комитетiмен", "комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат);
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:
2-бағандағы реттiк нөмiрi 32-жолдағы "мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1143 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 305-құжат):
1-тармақтың екiншi абзацындағы, 2-тармақтағы, 3-тармақтың төртiншi абзацындағы, 4, 5-тармақтардағы "мемлекеттік комитетiне", "мемлекеттік комитетiнiң", "мемлекеттік комитетi" деген сөздер "комитетiне", "комитетiнiң", "комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың екiншi абзацы "филиалын" деген сөзбен аяқталып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөніндегі өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiне берсiн";
2-тармақтағы "өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "жоғары техникалық училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi (ТЖМК Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаментi) туралы ережеге:
атауындағы "мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын, "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын;
мәтіндегі "мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "қазақ және орыс тiлдерiнде" деген сөздер "мемлекеттік тiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға қосымшаға:
атауындағы "мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi бiрiншi жолдағы "ТЖМК" деген сөз алынып тасталсын, "42", "41" деген сандар "40", "39" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "23", "20" деген сандар "27", "21" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "22", "18" деген сандар "24" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолдағы "Көкшетау өрттен қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жоғары училищесi" деген сөздер "Көкшетау техникалық жоғары училищесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "80", "65" деген сандар "87", "72" деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 6 және 7-жолдар тиiсiнше реттiк нөмiрi 5 және 6-жолдар болып есептелсiн;
"жалпы" деген жолдағы "189", "9691" деген сандар "178", "9690" деген сандармен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ҚР Үкіметінiң 1999.04.27. № 481 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1788 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
жөніндегі комитетiнiң Мемлекеттік өртке қарсы
қызметi департаментiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы
Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы
Кадр және оқу орындары басқармасы
Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi