Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды белгіленген мерзiмдерде бұлжытпай орындауға барлық қолда бар ресурстар жұмылдырылады.
Бұған қол жеткiзу үшiн:
Жоспар iс-шараларын iске асыруға жүйелi бақылау орнатып, ай сайын оның орындалу барысын қарау;
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң мәжілістерiнде орталық және жергілiктi атқарушы органдардың Жоспар тапсырмаларының орындалуы туралы есептерiн тоқсан сайын тыңдау көзделiп отыр.
Жоспарды орындау: индустриялық-инновациялық даму, әлеуметтiк реформаларды тереңдету, денсаулық сақтау iсiн реформалау және дамыту, білім берудi дамыту, тұрғын үй және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың iс-шараларын iске асырумен бекітіле түсетiн болады.
Түбегейлi нәтижелерiн әрбір азаматқа дейiн жеткiзу мақсатында Мемлекет басшысының Жолдауын түсiндiру жөнiнде мақсатты жұмыс ұйымдастырылатын болады.
Жолдауды iске асыру жөніндегі жоспарларды белгiленген
тәртiппен орталық және жергілiктi атқарушы және басқа да
мемлекеттік органдар, сондай-ақ министрлiктердiң құрамына кiретiн комитеттер әзiрлейтiн болады.
Жоспарды iске асыру нарықтық, әлеуметтiк және демократиялық мемлекет ретiнде Қазақстанның дамуын қамтамасыз етуге, халықтың тұрмыс деңгейiн елеулi түрде көтеруге мүмкiндiк бередi.