2) тұтынушыларды газдың тарифi, төлем шарты, газбен жабдықтау режимi туралы хабардар етуге;
3) шартта белгiленген мерзiмде жеткiзiлетiн газдың мөлшерi мен сапасын қадағалау және есебiн жүргiзу, тұтынушыға жеткiзiлетiн газдың сапасын бұзуды болдырмау және алдын-алу жөнiнде дер кезiнде шаралар қабылдауға;
4) газдың сапасы мен оның төлем мөлшерiнiң өзгеретiнi туралы тұтынушыларға 10 күннен кешiктiрмей хабарлауға;
5) газ тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетулерге дер кезiнде төлем жасауға;
6) тасымалдаушыға оның талабы бойынша мынадай ақпаратты: тұтынушылар санын, тұтыну көлемiн, тұтынушыларда орнатылған газ есептеу аспаптарының түрлерi мен газ есептеу аспаптарының көрсеткiштерiн, тұтынушыларда орнатылған газ тұтыну қондырғыларының тiзбесi мен түрлерiн беруге;
7) тұтынылған газдың көлемiн бақылауға;
8) газ тарату ұйымдарының пайдаланушылық жауапкершiлiк шекараларынан бастап әрбір абонентке дейiнгi туындаған газ шығынының есебiн жүргiзуге, соның iшiнде рұқсатсыз газ алуды қадағалауға және алдын алуға;
9) тұтынушылармен газ жеткізуге шарт жасасуға;
10) Ереженiң 8-тарауына сәйкес тұтынушыға ай сайын төлем шотын көрсетуге мiндеттi.
62. Тұтынушы:
1) газ жеткізу мен оны тасымалдау жөніндегі шартта айтылған сапа мен санда газды пайдалануға және алуға;
2) заңнамамен белгiленген тәртiппен және шарттың талаптарына сәйкес газ бен оны тасымалдау қызметінің тарифтері туралы ақпарат алуға;
3) газды жеткізу мен оны тасымалдау шартында көрсетілмеген үзілiстер уақыты үшiн газға және оны тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге төлем жасамауға;
4) газды жеткізушiлермен, тасымалдаушылармен шартты, егер алдын ала жеткізушiге, тасымалдаушыға ескертiлген және газ және оны тасымалдау жөніндегi қызметтер көрсетулер үшiн толық төлем жасаған жағдайда бір жақты бұзуға құқығы бар.
63. Тұтынушы:
1) газды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы талаптарын сақтауға;
2) тасымалдаушы, жеткізушi немесе мамандандырылған ұйым өкілдерінiң апаттарды жою, жөндеу жұмыстарын жүргiзу, есептеу және бақылау аспаптарын байқап көру үшiн газ есептеу құралдарына, газ құралдары мен қондырғыларына қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
3) газды шарт ережелерiне сәйкес пайдалануға;
4) жеткізушiмен газбен жабдықтау шартын жасасуға мiндеттi.
64. Тұтынушыға:
1) жеткізушiнiң, тасымалдаушының келісімiнсiз үйдiң iшіндегі, пәтердiң iшіндегі газ құбырлары мен газ қондырғыларын қайта жабдықтауға;
2) қолда бар газ есептеу схемасына (жүйесiне) өзгерістер енгiзуге тыйым салынады.
65. Тасымалдаушы мен тұтынушы газ жеткізу не қабылдау режимiн бұзуға әкелiп соғатын газбен қамту объектiлеріндегі ақаулар мен апаттар жөнiнде бір-бірiне жедел хабар берiп отыруға мiндеттi.
66. Тасымалдаушы жеткізушiнiң өтiнiмi бойынша тұтынушылардың газ тұтыну режимi туралы жедел ақпарат бередi.
67. Жеткізушiге:
1) басқа тұтынушылардың талаптарды орындамау салдарынан, егер шартта көрсетiлмесе немесе мiндеттiлiк мәнiнен туындамаса, тұтынушының газ алуын шектеуге немесе бермеуге;
2) тұтынушылардан ай сайынғы жеткiзген газ үшiн шот бермей тұрып төлем жасауын талап етуге тыйым салынады.
11-тарау. Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
68. Жеткізушi, тасымалдаушы және тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және шарттарға сәйкес Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiкте болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 568 қаулысымен
бекітілген
Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу,
тасымалдау және пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында сұйытылған көмiрсутектi газдарды (бұдан әрi - СКСГ) пайдалану саласында бірыңғай техникалық саясат жүргiзу мақсатында түрлi меншiк нысанындағы ұйымдардың қызметiн белгiлейді.
2. Ереже СКСГ-нi өндiретiн, тасымалдайтын, тарататын және тұтынатын, сондай-ақ CKCГ жабдықтау жүйелерiн жобалау салу-монтаждау пайдалану және iске қосу-баптау жұмыстарымен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндеттi болып табылады.
3. Тұрғын үй-жайларды газбен жабдықтаумен байланысты мәселелер осы Ережемен реттеледi.
4. Жаңадан салынатын, жобаланатын және қайта жаңғыртылатын үймереттер, газ толтыру станциялары, газ толтыруы пункттерi Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауіпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегi мемлекеттік комитетi 1993 жылғы 15 сәуiрде бекiткен Газ шаруашылығындағы қауіпсiздiк ережесінің (бұдан әрi - Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережесi), осы Ереженiң және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.
5. Газбен жабдықтау және газды пайдаланатын үймереттерінің жүйелерiн жобалаумен, салумен, пайдаланумен және iске қосумен және реттеумен айналысатын инженерлік-техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн персонал, газ-көлiк ұйымдарының қызметкерлерi мен персоналы, сондай-ақ газ шаруашылықтары үшiн кадрлар дайындау жөніндегі курстар мен оқу комбинаттарының оқытушылары Ереженi, Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережесін және жабдықтарды, объектілердi қауiпсiз пайдалану жөніндегi басқа да нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттардың ережелерiн бiлуге аттестациялауға жатады және жұмысқа жiберiлер алдында Газ шаруашылығының қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес кәсіпорындағы комиссияға емтихан тапсырулары тиiс.
6. Газ шаруашылығы объектілерін жобалаумен, салумен, пайдаланумен, сондай-ақ газ құбырлары бойынша, теміржол цистерналарымен және автогазтасымалдағыштармен СКСГ-ны тасымалдаумен, тұтынушыларды газбен қамтамасыз етумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялау "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына және осы қызметтi реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
2. Терминдер мен анықтамалар
7. Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
абонент - қайта сату құқығынсыз өз қажетi үшiн газ сатып алушы жеке тұлға;
газбалонды құрылғы - бір немесе бір топ пәтердi газбен қамтамасыз ететін, сондай-ақ өнеркәсiптiк мақсаттарда пайдаланылатын тұрмыстық газ баллонынан, газ құбырлары жүйесінен, қысымның жеке реттеушiсінен тұратын құрылма;
газды пайдаланатын қондырғылар - газды отын ретiнде пайдаланушы қазандар, өндiрiстiк пештер және басқа да қондырғылар;
газ толтыру станциясы - газды қабылдап алуды, сақтауды, тұрмыстық баллондарға, автогазтасымалдағыштарға құюды, газды тұтынушыларға босатуды, газ баллондары мен сақтандыру-бекiтпе арматураларын жөндеудің барлық түрлерiн, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстардың iшкi байқауы мен гидравликалық сыналуын, одан әрi пайдалануға жатпайтын баллондарды жою мен ұқсатуды жүзеге асырушы газ шаруашылығының кәсіпорны;
газ толтыру пунктi - газды қабылдап алу, сақтау, тұрмыстық баллондарға, автогазтасымалдағышқа құюды; газды тұтынушыларға босатуды жүзеге асырушы газ шаруашылығының объектiсi;
газ тораптық ұйым - өзiне газ толтыратын станцияны немесе газ толтыратын бекеттi, апаттық-диспетчерлiк қызметтi, орталық диспетчерлік қызметтi, үй ішілік газ қызметiн көрсететін бригаданы, зертхананы, өндiрiстiк-техникалық бөлiмдi, азаматтық қорғанысты қалыптастыруды, техника қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бөлiмiн қамтитын газбен жабдықтау объектілерін, өнеркәсiп базаларын пайдалануға және техникалық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар мамандандырылған ұйым болып табылатын газ шаруашылығының кәсіпорны;
топтық резервуарлық қондырғы - тұрғын үй ауқымына газ берудi қамтамасыз ететiн сақтандыру-бекiтпе және берiлген режимде реттеушi арматурасы бар СКСГ-ны сақтауды қамтамасыз етуге арналған, ыдыстар тобынан, ыдыстан үй ішілік газ құбырына дейiнгi СКСГ-ны тасымалдауды қамтамасыз ететiн газ құбырлары жүйесiнен тұратын газ шаруашылығының объектiсi болып табылатын үймерет;
тасымалдаушы - CKCГ-ны тасымалдауды жүзеге асыру үшiн тиiстi рұқсаттық құжаттар алған меншiгiнде немесе жалға алған немесе өзге де заңды құқықта газ құбырлары бар және/немесе мамандандырылған теміржол, су (өзен немесе теңiз) және/немесе автомобиль паркi бар заңды немесе жеке тұлға;
жеткізуші - CKCГ-ны өндiрудi немесе көтере жеткізудi жүзеге асырушы газмұнай өңдейтiн зауыттар немесе өзге де ұйымдар;
тұтынушы - Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережесінің талаптарына сәйкес сұйытылған газды пайдалану құқығына рұқсаты бар, өзi тұтыну үшiн немесе кейiн сату мақсатында СКСГ-ны сатып алуға шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғалар;
сұйытылған көмiрсутектi газдар немесе СКСГ - газмұнай өңдеу зауыттарында өндiрілетiн мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін, қалыпты жағдайда газ түрінде, ал шамалы артық қысымда-сұйық күйде болатын көмiрсутектердің қоспасы;
газбен жабдықтау жүйесi - топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының кiрмесіндегi кранға дейінгi газ өткiзгіштер, газ өткiзгiштеріндегі үймереттер және электр химиялық коррозиядан қорғау құралдары, газ реттеушi пункттер, өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық кәсiпорындары ғимараттарының, қазандықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететiн кәсiпорындардың, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің газ жабдықтары;
уәкiлеттi орган - осы Ережелерге және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес СКСГ-ны жеткізу және пайдалану жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметiн реттеушi мемлекеттік орган.
3. СКСГ-ды тасымалдау
8. Тасымалдаушы СКСГ-ны тасымалдауды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тасымалдауға тапсырыс берушiмен жасалған шарттың негiзінде жеткізушіден газтораптық ұйымдарға дейiн жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден СКСГ-ны тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кедендiк бақылау органдарына СКСГ-мен байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияны және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес басқа да құжаттарды ұсынуы тиiс.
10. Жеткізушi (тұтынушы) CKCГ-ны газ толтыру станциясына немесе газ толтыру пункттерiне дейiн тасымалдауға өтінім беруге және шарт жасасуға құқылы. Бұл үшiн өтiнуші CKCГ-ны иелену құқығына ресурстық анықтама мен газ толтыру станциясына немесе газ толтыру пункттерiмен мәлімделген газ көлемiн жауапты сақтауға жасасқан шартты ұсынуы қажет (соңғысы газтораптық ұйым тұтынушы болып табылған жағдайда ұсынылмайды).
11. Тасымалдаушы СКСГ-ны тасымалдауға өтiнiм түскеннен кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өтінім берушiге қол қою үшін шарттың жобасын немесе уәждi бас тартуды жолдайды.
4. Тұтынушылармен СКСГ-ны беруге шарттар жасасу тәртібі
12. Газтораптық ұйымдар мен СКСГ-ны тұтынушылар арасында СКСГ-ны беруге шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.
13. CKCГ-ны тұтынушылар (абоненттерден басқа) газтораптық ұйымдармен шарт жасасқанға дейін төтенше жағдайлар жөніндегi аумақтық органдардан СКСГ-ны пайдалану құқығына рұқсат алуға міндеттi.
14. Тұтынушыларды (абоненттердi) көп қабатты тұрғын үйлердегi пәтерлердің (үй-жайлардың) меншiк иелерiн (жалгерлердi) газбен жабдықтау топтық резервуарлық қондырғылар арқылы пәтердің меншiк иесi (жалгер) және газтораптық ұйым арасындағы газды тасымалдау үшiн жасалған шарт ережелерi негiзiнде немесе кондоминиум объектiсiн басқару органы мен газтораптық ұйым арасында жасалған шарт ережелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
15. Топтық резервуарлық қондырғысы бар және тұрғын үй-жайларды жылыту, ыстық су дайындау үшiн СКСГ-ны пайдаланатын жеке тұрғын үй иелерiн газбен жабдықтау топтық резервуарлық қондырғысы бар иегер мен газтораптық ұйым арасындағы шарт ережелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
16. Азаматтарға баллондардағы газды сату шарт жасаспай-ақ, өтiнiм бойынша жүзеге асырылады.
Газтораптық ұйым абонентке сатылатын әрбір баллонға кепiлдiк сапа талонын беруге мiндеттi.
17. Газтораптық ұйым және/немесе тұтынушы газды баллондарда сатып алушы абоненттердi есепке алуға, абоненттiк нөмiр беруге, газбаллондық қондырғылардың авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуi қамтамасыз етуге міндеттi.
18. CKCГ-ы бар баллонды тұтынушы баллонның техникалық жай-күйіне жауапкершiлiкте болатын газтораптық ұйымнан сатып алуы тиiс. Тұтынушы жеке газбаллондық қондырғыны пайдалану кезiнде газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк техникаларының ережелерiн сақтауға жауапкершілікте болады.
Егер абонент кепiл талонынсыз, күдiктi көздерден газ сатып алса, баллонды өздiгiнен қысымды реттегішке қосса, баллонның қауiпсiз пайдаланылуына және оның техникалық жай-күйiне абонент баллонды пайдаланудың барлық кезеңiнде жауапкершiлiкте болады.
5. СКСГ-ың шығынын есепке алу тәртібі
19. Газ толтыру станцияларынан, газ толтыру пункттерiнен СКСГ-ны босату салмақтық әдiспен жүзеге асырылады.
20. Баллонға құйылатын CKCГ-ың мөлшерi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптегi жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегi мемлекеттік комитетi 1994 жылғы 21 сәуiрде бекiткен Қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату мен қауiпсiз пайдалану ережесінің (бұдан әрi - Қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату мен қауiпсiз пайдалану ережесi) талаптарына сай болуы тиiс.
21. Газ толтыру станцияларынан, газ толтыру бекеттерiнен СКСГ-ны босату кезiнде автоцистерналардағы құйылған СКСГ-ың мөлшерi автомобильдiк таразыларда анықталады.
Автогазтасымалдағыштарды өлшеу толтырылғанға дейiн және одан кейiн жүргiзiледi; айырма құйылған газдың килограмдағы санын анықтайды.
22. Тұтынушының талап етуi бойынша жеткізуші автогазтасымалдағыштарға бақылаулық өлшеу жүргiзуге мiндеттi; бақылаулық өлшеу нәтижелерi бойынша тиiстi кесiм жасалады.
Бақылаулық өлшеу нәтижелері бойынша жеткізушi көрсеткен салмақ сәйкес болған жағдайда оны жүргiзуге кеткен шығындарды тұтынушы төлейдi; бақылаулық өлшеу нәтижелерi бойынша СКСГ-ың жетiспеу фактiсi анықталған жағдайда барлық шығындарды жеткізушi төлейдi. Бұл ретте жеткізушi тұтынушыға жетпеген газ көлемiн толтыруға немесе жетпеген көлемнің ақшалай түрдегi құнын өтеуге міндеттi.
23. Көп қабатты тұрғын үйлердi газбен жабдықтау кезiнде топтық резервуарлық қондырғылардан әрбір жеке пәтер пайдаланған газ санының есебi газды есептеу аспабының көмегiмен, ол болмағанда - тиiстi мемлекеттік орган бекiткен тұтыну нормасы бойынша анықталады.
6. Газбен жабдықтау жүйесiн жобалау үшiн қажеттi
құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптар
24. Жаңадан салынатын және жаңғыртылатын газбен жабдықтау объектілерін жобалау үшiн жеке немесе заңды тұлға (тапсырыс берушi) ұсынатын жобалау және техникалық шарттар тапсырмасы негiз болып табылады.
25. Газтораптық ұйым газбен жабдықтау жүйелерiнің объектілерін дамытуға техникалық ережелердi бере отырып:
топтық резервуарлық қондырғы ыдыстарының санын ұлғайтудың техникалық негіздемесін;
топтық резервуарлық қондырғыға, газ өткiзгiштер мен олардың үймереттерiне қойылатын техникалық талаптарды;
жерасты үймереттерiн коррозиядан қорғау жөніндегі қажеттi шараларды; заңнамаға сәйкес қосымша талаптарды көрсетедi.
26. Техникалық шарттарды орындау жобалау ұйымдары үшiн мiндеттi болып табылады; техникалық шарттардан ауытқуға оларды берген ұйымдардың рұқсатымен ғана жол беріледi.
27. Газ толтыру бекетiн жобалау кезiнде тапсырыс берушiмен авариялық өтiнiмдердi орындауға және тұрмыстық газ баллондарын жөндеуге шарттардың жасалуын көздеу қажет.
28. Газбен жабдықтау объектiсiн салу жобасы мiндеттi тiркеуге, мемлекеттік экологиялық сараптауға және мемлекеттік экологиялық қызмет пен төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдармен келiсуге жатады.
7. Газбен жабдықтау жүйесiн салу және пайдалануды iске қосу
29. Газбен жабдықтау жүйелерiнің объектiлерi төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдарда мiндеттi тiркеуге жатады.
30. Құрылыс-монтаж ұйымы төтенше жағдайлар жөнiндегі аумақтық органды құрылыстың басталатыны туралы жұмыс басталғанға дейiн бес күн бұрын хабардар етуi тиiс.
31. Құрылыстың аяқталуы бойынша газбен жабдықтау объектiсiн пайдаланудың техникалық дайындығын анықтау үшiн газ шаруашылығындағы қауіпсiздік ережелерiнің талаптарына сәйкес жұмыс комиссиясы құрылады.
Жұмыс комиссиясына қосу-реттеу жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берiледi. Жұмыс комиссиясы технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша дайындығы туралы қорытынды ресiмделедi.
32. Газбен жабдықтау объектілерiн пайдалануға қабылдап алуды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
33. Жеке тұрғын үйлердiң, кондоминиум объектілерінің газбен жабдықтау объектілерін пайдалануға қабылдап алуды газтораптық ұйымның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
34. Газды бастапқы жiберудi газтораптық ұйымның қызметкерлерi Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiнің талаптарына сәйкес газ қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге арналған наряд бойынша жүргiзедi.
8. Газбен жабдықтау жүйесiн пайдалану
35. Газбен жабдықтау жүйесiн пайдалануды газтораптық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
36. Өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердің, көп қабатты тұрғын үйлердің және жеке тұрғын үйлерiн топтық резервуарлық қондырғысына газ берудi тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі:
тұтынушының шарттық мiндеттемелердi орындамауы;
газбен жабдықтау жүйесінің техникалық ақаулығы;
жоспарлы жөндеулердің, ыдыстардың iшкi байқаулары мен гидравликалық сынақтарының жүргiзілуi, барына жаңадан орнатылған газ өткiзгіштердi қосу;
ыдыстарды белгiленген мерзiмнен тыс пайдалану;
СКСГ-ны пайдалануға төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдардың тыйым салуы.
37. Жекелеген пәтерлерге, кiреберiстерге газ берудi тоқтату немесе көп қабатты тұрғын үйлердің жеке пәтерлерiнің газ тұрақтарын ағыту, егер шартпен өзгеше белгiленбесе немесе міндеттеме мәнiнен туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй меншiк иесiнiң немесе кондоминиум объектiсi басшысының жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
38. Газды тұтынушылар газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк техникасының талаптарын орындауға міндеттi.
9. Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
39. CKCГ-ны жеткізушiлер мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiкте болады.