Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 870 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесінде:
4-тармақтың жиырма жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кiретiн мемлекеттік орган;»;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесінде:
7-тармақтың он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру кiретiн мемлекеттік орган.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |