Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 855 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкілеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде:
реттiк нөмірi 3-жолдың 3-бағанында «қауiптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;» деген сөздер «темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауіптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
| «Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкесатом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызметтүрлерi;арнайы қорғану құралдарын қолдану қажеттігінсiз оларды пайдалану үшiн рұқсат етілетін нормадан асатын мөлшердегi радиоактивтi заттарды қамтитын өнiмдердi дайындау және сату;радиоактивтi заттар менизотоптарды пайдалана отырып,рентген жабдығын, құралдармен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату.»; |
реттiк нөмiрi 5-жолдың 3-бағанының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«минералды шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда)»;
реттiк нөмiрi 6-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистральды газ-мұнай құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау (құрылысқа арналған жобалау жұмыстары). Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;»;
реттiк нөмiрi 10-жолдың 3-бағанының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызмет: жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;»;
реттiк нөмiрi 11-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 14-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацында «түгендеу,» деген сөз алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 16-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 17-2-жолдың 3-бағанында «нотариустардың қызметi» деген сөздер «нотариаттық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 26-жолдың 3-бағанда:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ветеринария саласындағы қызмет, Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа: ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндiру және сату; ветеринарлық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сату; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринарлық емдеу-алдын алу қызметi»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу»;
реттiк нөмiрi 27-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 27-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1. Облыстық Туроператорлық,(республикалық қызмет,маңызы бар қаланың, нұсқаушысының астананың) атқарушы органдар | турагенттiк туризм қызметтерi; ойын бизнесi саласындағы қызмет; жылу энергиясын өндiру, беру және тарату (жиынтық орнатылған жылу қуаты қоса алғанда 100 Гкал/сағатқа дейiн жылу энергиясы көздерiнен); жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта білім; кәсіптiк бастауыш білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта білім беретiн заңды тұлғалардың білім беру қызметi, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi (республикалық маңызы бар ұйымдар орындайтын жұмыстарды, қызметтердi қоспағанда); заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және сатуы; шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызмет; облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу; қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды (жиынтық жылу қуаты қоса алғанда 100 Гкал/сағатқа дейiн) және құбырларды пайдалану; қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды пайдалану (өнеркәсiптiк тоңазытқыш қондырғыларының, тұрмыстық газ баллондарының құрамындағы); алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату.»; |
реттiк нөмiрi 32-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі»;
3-бағанның екiншi абзацында «және сату» деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 37-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
| «әуе көлігімен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау;қауiптi жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау;авиациялық жұмыстар.»; |
реттік нөмiрi 44-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
| «табиғат қорғауды жобалау,нормалау және экологиялықсараптама саласындағы жұмыстар;Қазақстан Республикасының Үкіметібекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылыққызметтiң экологиялық қауiптiтүрлерi;экологиялық аудиторлық қызмет.»; |
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергия қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
«I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
10 және 18-тармақтар алынып тасталсын;
«II. Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтеді.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»;
«III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi органдарының қорытындысы қажет, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»;
«IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |