«Қазақмұнайқұбыры» ұлттық мұнай құбыры компаниясының жекелеген мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйек № 1357 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" жабық акционерлік қоғамының осы акционерлік қоғамның фирмалық атауын:
"ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" деп өзгерту жөніндегі ұсынысына келісім берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңда белгiленген тәртiппен "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" жабық акционерлік қоғамын осы қаулының 1-тармағына сәйкес қайта атау жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
3. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компанияның Байқаушы кеңесi мына құрамда бекітілсiн:
Шүкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрi, төраға
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика және
табиғи ресурстар министрiнiң орынбасары
(вице-министрi) - Қазақстан Республикасы
Энергетика және табиғи ресурстар
министрлігінiң Геология, жер қойнауын
қорғау және пайдалану комитетiнiң төрағасы
Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен
активтердi басқару департаментiнiң
директоры
Қаппаров Н.Д. - "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі
ұлттық компаниясының президентi
Котлов А.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесi Басшысының орынбасары
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Республикалық мемлекеттік кәсiпорын - "Южнефтепровод" және "Қазақстан мен Орта Азия арналы мұнай құбыры" өндiрiстiк бiрлестiктерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 461 қаулысына:
1-тармақтың екiншi және үшiншi абзацындағы және 2-тармақтағы "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясын", "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" деген сөздер "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясын", "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Құбыр желісі көлiгiн дамыту мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 шiлдедегi № 1176 қаулысына:
1-тармақтағы "Қазақмұнайқұбыры" ұлттық мұнай құбыры компаниясы" деген сөздер "КазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Ескерту. 4-тармақтың 6, 7, 8, 9-абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.27. № 781 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi