«Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру процестерiн жеделдету
жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 сәуірдегі № 662 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Төлем қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, оңалту, тарату мәселелерiнде бірыңғай саясат жүргiзу және мемлекет мүддесiн қамтамасыз ету, аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi белгiленген тәртiппен:
"Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамын құрсын;
құрылатын акционерлік қоғам активтерiнiң тiзбесi мен құрылымын белгiлесiн, оның iшiнде жарғылық қорға мемлекеттің жарнасы ретiнде Қазақстан Республикасының таратылған Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру агенттiгiнiң балансындағы мүлiк пен негiзгi қаражатты, мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі аумақтық комитеттер мүлкi мен негiзгi қаражатының бір бөлiгiн берсiн;
бір ай мерзiм iшiнде аталған акционерлік қоғамның Жарғысын бекiтсiн және оны тiркесiн;
акционерлік қоғамды Алматы қаласы, С.Мәуленов көшесi, 92-үйде орналасқан қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етсiн.
2. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамы банкроттық туралы заңдардың шеңберiнде дәрменсiздiк пен банкроттың алдын алуды, оңалту рәсiмдерiн, дәрменсiз мемлекеттік кәсiпорындарды, сондай-ақ жарғылық қорында мемлекет үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiн санациялауды, таратуды және қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi деп белгiленсiн.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi