«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң құрылымы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегі № 631 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң құрылымы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның сандық құрамы 11 адам болып бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 желтоқсандағы № 1672 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 22 сәуірдегі
№ 631 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлігінiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Экономикалық саясат, инвестициялар және сыртқы байланыстар
жөніндегі департамент
Темір жол көлiгi департаментi
Автомобиль көлiгi департаментi
Су көлiгi департаментi
Байланыс департаментi
Автомобиль жолдары департаментi
Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi
жөніндегі комитет (заңды тұлға құқығында)
Iс басқармасы