«Ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктердi,
(жер учаскелерi, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжайлар, гараждар, құрылыстар және
өзге жылжымайтын мүлiктер) иесiздендiру туралы шарттарды
куәландырғандығы үшiн мемлекеттік баж ставкалары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 ақпандағы № 264 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
"Мемлекеттік баж туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 65 Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктердi, (жер учаскелерi, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжайлар, гараждар, құрылыстар және өзге жылжымайтын мүлiктер) иесiздендiру туралы шарттарды куәландырғандығы үшiн мынадай мемлекеттік баж ставкалары белгiленсiн:
күрделiлердi (үлестердi есептеумен, үйдiң немесе пәтердiң бөлiгiн сату туралы қоса иеленушiнiң шақыруымен немесе жазбаша ескертпемен):
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiне, немерелерiне - 250 процент;
басқа тұлғаларға - 350 процент;
қарапайымдарды:
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент;
басқа тұлғаларға - 250 процент.
2. Мемлекеттік баждың тiркелген проценттiк ставкалары мемлекеттік бажды төлеу күнiне республикада белгiленген есептi көрсеткiштiң мөлшерiн негiзге ала отырып есептеледi.
3. Осы қаулы жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi