«Республикалық оқу орындарының балансындағы асхана және буфет
ғимараттары мен жабдықтарын иелену және пайдалану құқығы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 қазандағы № 1218 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Оқушы жастарды әлеуметтiк қорғау, республикалық оқу орындарының балансындағы асхана ғимараттары мен жабдықтарын тиiмдi пайдалану және бюджеттік қаражаттарды үнемдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi республикалық оқу орындарына олардың бюджетіндегі асхана және буфет ғимараттары мен жабдықтарын иелену және пайдалану құқығын берсiн.
2. Республикалық оқу орындарының асханалары мен буфеттерiн пайдаланудан түскен табыстары бюджеттен тыс (арнаулы) шотқа есептелсiн және олардың жұмыс iстеуiн Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтынан басқа, дотациялық емес негiзде қамтамасыз етiп, қызметшi құрамның еңбек ақысына, азық-түлiк тағамдарын сатып алуға, жабдықтармен және керек-жарақтармен жабдықтауға, күрделi жөндеуге, шаруашылық және асханаларды ұстап тұруға байланысты басқа да шығыстарға пайдаланылсын.
3. Қаржы министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына арналған тамақтандырудағы бюджеттік қаржыландыруды сақтасын.
4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республикалық оқу орындарының олардың бюджетіндегі асхана және буфеттердi иелену мен пайдалану құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдансын.
5. Республикалық оқу орындары қызмет көрсетуi бұрын өздерiнiң асханалары мен буфеттерiне бекітілген ауданның студенттерiн, оқушылары мен мектеп оқушыларын тамақтандыруды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi