«Түрiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының төтенше
және өкiлеттi елшiсiнiң лауазымдық жалақысына дербес үстеме белгiлеу туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 624 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасымен қатынастарының айрықша маңыздылығын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Түрiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң шетел валютасымен (АҚШ доллары) алатын лауазымды жалақысына 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап 20 процент мөлшерiнде дербес үстеме белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Түрiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына дербес үстеме белгiленуiне байланысты шетел валютасымен (АҚШ доллары) қосымша қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi