Тiркеу туралы өтiнiште:
Қазақстан Республикасына келген уақыты, мақсаты және негiзi;
жасы көрсетiлген отбасы мүшелерiнiң құрамы, бұрынғы еңбек қызметi, біліктiлiгi, мамандығы;
Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiнгi елi мен тұрақты тұрған жерiнiң мекен жайы;
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жерiнiң мекен жайы;
қажеттi көмек көрсету жайындағы өтiнiшi.
2. Босқындарды тiркеудi Халықтың көшi-қон департаментiнiң уәкiлеттi өкiлдерi, қалалық, аудандық, әкiмшiлiктер, халық депутаттарының селолық және поселкелiк кеңестерi жүзеге асырады.
3. Әрбір босқынға тiркеу кәртiшкесi ашылады.
4. Босқындарды тiркегеннен кейiн Халықтың көшi-қон департаментiнiң уәкiлдерi, қалалық және аудандық әкiмшiлiктер, халық депутаттарының селолық және поселкелiк Кеңестерi сауда, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету жөнiнде шаралар қолданады, басқа да қажеттi көмек көрсетедi, ал тұрғын үй болмаған жағдайда оларды уақытша орналастыру орындарына жiбередi.
5. Халықтың көшi-қон департаментiнiң облыстардағы уәкiлеттi өкiлдерi, қалалық, аудандық әкiмшiлiктер өзiн босқын деп тану туралы өтiнiш берген адамның арызының негiздiлiгiн екi апта мерзiм iшiнде анықтайды. Босқын мәртебесiн беру немесе бермеу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы Халықтың көшi-қон департаментi мен оның облыстардағы уәкiлеттi өкiлдерi қабылдайды.
Өтiнiш берушi босқын деп танылған жағдайда iшкi iстер органдары оған белгiленген үлгiдегi уақытша куәлiк бередi, бұл куәлiк:
отбасының еңбекке жарамды әрбір мүшесi мен зейнеткерге ең төменгi айлық мөлшерiнде, ал қарамағындағы әрбір жанға есептiк көрсеткiшiнiң 50 процентi мөлшерiнде біржолғы көмек алу;<*>
қажеттi медициналық және әлеуметтiк жәрдем алу;
арнайы бөлiнген орындарда (елдi мекендерде) уақытша тұру;
туысқандардың немесе басқа азаматтардың келiсуi бойынша оларда уақытша тұру хұқын бередi.
6. Босқынның уақытша куәлiгi 3 айға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қажет болған жағдайда бұл мерзiмдi куәлiк берген орган ұзарта алады.
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты жұмыспен қамту жөніндегі органдары босқындар мен олардың отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерiне уақытша жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi.
8. Халықтың көшi-қон департаментi мен оның жергiлiктi жерлердегi уәкiлеттi өкiлдерi босқындардың бұдан былайғы тағдыры, тұрақты тұратын орын беру, жұмысқа орналастыру, репатриация жасау (бұрынғы тұрақты тұрған елiне қайтару) немесе босқынның тiлегi бойынша басқа мемлекеттің аумағына көшiп бару мүмкiндiгi туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
Босқындарға материалдық көмек көрсету
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көшi-қон қорынан төлем жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі жанындағы Халықтың көшi-қон департаментi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1055 қаулысымен
Бекiтiлген
"Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
орындау жөніндегі кешендi шаралар
Бағдарламасы
(Кесте)
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1055 қаулысына
Қосымша
Өзiнiң ата қонысына қайта оралып жатқан босқындарды
қабылдау мен жайғастырудың 1992 жылдың
екiншi жартысына арналған
Жоспары
(Кесте)