«Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктермен
жұмыс жөніндегі Департаменттi құру және оның қызметi туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 қыркүйектегі № 812 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Дипломатиялық өкiлдiктер мен олардың қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасында жұмыс iстеуiне және тұруына қалыпты жағдай жасау, сондай-ақ оларға көрсетiлетiн қызмет ауқымын кеңейтiп, сапасын арттыру есебiнен валюталық және өзгедей қаржы алу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жанынан Алматы қаласында Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөніндегі Департамент (бұдан әрi-Департамент делiнедi) құрылсын.
2. Департаментке:
- Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық және шетелдерден тағайындалған басқа да өкiлдiктерге қызмет көрсету жөнiнде мемлекеттік және шаруашылық органдардың күшiмен жүзеге асырылатын жұмыстарды үйлестiру;
- дипломатиялық өкiлдiктерге меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар мен министрлiктердiң мекемелерi қызмет көрсеткенде делдалдық мiндеттер атқару;
- Қазақстан Республикасының территориясында дипломатиялық өкiлдiктердiң ғимараттарын жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу және жаңғырту жөнiнде контракттар жасасу;
- Қазақстан Республикасының территориясында дипломатиялық өкiлдiктердiң объектілерін салу және қайта жаңарту жөнiнде бiрден-бiр тапсырыс берушiнiң мiндетiн атқару;
- азаматтарды дипломатиялық және басқа шетелдiк өкiлдiктерге жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жүктелсiн.
3. Дипломатиялық өкiлдiктерге қызмет көрсетудiң осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген барлық түрлерi тек Департамент арқылы ғана жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Департамент туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
5. Департамент қызметкерлерiнiң штат саны, еңбекақы төлеу қоры 1992 жылдың аяғына дейiн 345 мың сом мөлшерiнде 52 адам болып бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп, Департамент аппаратының құрылымы мен штат кестесiн және оны ұстауға жұмсалатын шығыс сметасын бекіту хұқығы берiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне 1992 жылдың аяғына дейiн Департаменттi ұстауға қажет 6398 мың сом мөлшерiнде қаржы бөлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі мен Сауда министрлігі Департаменттiң жұмсақ және қатты мүкәммалға, ұйымдық техникаға, дыбысты-көрiнiстi аппаратураға және басқа керектi жабдықтарға деген қажетiн қамтамасыз етiп, 1992 жылдың II жарты жылдығында бұлардың бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
8. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі Департаментке арнап, ГАЗ-2410 немесе 31029 "Волга" автомашинасын, РАФ шағын автобусын және УАЗ-452 жүк машинасын бөлсiн.
9. Алматы қаласының әкімі Департаменттiң аппаратын орналастыру үшiн Желтоқсан көшесіндегі, 111а үйдi бiр ай мерзiмде оның балансына беретiн болсын.
10. Алматы қаласының әкімі елшiлiктер ашылып, шетел өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң тұруы мен жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн тұрғын үйлерге адамдардың орналастырылуына қарай жеке тұрғын ғимараттарды Департаменттен жалдау ақысы алынбайтындай етiп, одан әрi пайдалану үшiн Департаменттiң балансына беретiн болсын.
11. Алматы темір жол басқармасы, Қазақ азаматтық авиация басқармасы елшiлер, дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi және олардың отбасыларының мүшелерi республика iшiнде және одан тыс жерлерде жүрiп-тұрғанда оларға авиабилеттер мен темір жол билеттерiн алу жөнiнде Департаменттiң өтiнiмдерiн басымдықпен қанағаттандыруды қамтамасыз етсiн.
Бос орындар болмаған жағдайда Департаментке бiр жолғы өтiнiм бойынша тапсырыс рейстеріндегі ұшақты жалдау хұқығы берiледi.
Осы аталған басқармаларға шетел өкiлдiктерiне көлiк-экспедициялық қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiп бойынша олардың жүктерiн кедендiк ресiмдеу және осы мақсатта қажеттi өндiрiстiк жағдайларды қамтамасыз ету жүктелсiн.
12. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Мәдениет министрлігі Департаменттiң өтiнiмдерi бойынша дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерiне арнап, келісілген мерзiмдерде мейманханаларда орын иемденудi және мiндеттi түрде тауып берудi, сондай-ақ театрлар мен ойын-сауық мекемелерiне қажеттi мөлшерде билеттер (немесе орындар) тауып берудi қамтамасыз ететiн болсын.
13. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Департаменттiң өтiнiмi бойынша дипломатиялық өкiлдiктерге қызмет көрсету үшiн қажеттi мөлшерде байланыс каналдарымен қамтамасыз ететiн болсын.
14. Алматы қаласының әкімі, Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі Департаменттiң балансына дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерiне азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларымен қызмет көрсетуге арналған дүкен беретiн болсын.
15. Қазақстан Республикасының Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлігі Департаментпен шарт жасасу арқылы дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерiне спорт ғимараттарында, кешендерiнде және базаларында шұғылданып, демалуға мүмкiндiк жасайтын болсын.
16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерiн ауруханада және емханада (ақылы және тегiн) емдеудi қамтамасыз етсiн, Департаментпен келісіп оларды емдеудiң және оларға медициналық консультация берудiң коммерциялық шарттарын белгiлесiн.
17. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі дипломатиялық өкiлдiктердiң күзетiн қамтамасыз ету шараларын көздеп, Департаменттiң өтiнiмдерi бойынша арнаулы нөмiрлiк белгiлерiн бөле отырып, дипломатиялық өкiлдiктердiң автомашиналарының есебi мен тiркеуiн жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi