Рейтингтi агенттiктердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан сақтандыру шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметке жол берiлмейдi.
4. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымының атынан Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге шығатын автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтi тиiстi сақтандыру сыныбы көрсетiлген уәкiлеттi органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру ұйымдары және аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру ұйымымен жасалған тиiстi шарты болған жағдайда Қазақстан Республикасының резиденттерi - сақтандыру брокерлерi жүзеге асыра алады.
5. Цеденттiң Қазақстан Республикасының резидентi емес қайта сақтандыру ұйымдарына төлеген сақтандыру сыйлығының жиынтық мөлшерi, олардан цедент алған комиссиялық алымды шегерiп тастағанда, олар толық қаржы жылы аяқталғаннан кейiн сақтандыру шарты бойынша (қайта сақтандыру ұйымдарына төленгенiн ескергенде) алған сақтандыру сыйлықақысының жиынтық мөлшерiнiң сексен бес процентiнен аспауға тиiс.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
16-бап. Сақтандыру ұйымына сақтанушыларға ақпарат беру жөнiнде қойылатын талаптар
1. Тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына республикалық екi газетте хабарландыру жариялау арқылы бір айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
Өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда сақтандыру ұйымы бұл жөнiнде өзiнiң сақтанушыларына тиiстi екi облыстық газетте хабарландыру жариялау арқылы бір айдан кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмесiн оны көрiп, танысуға болатын жерге орналастыруға мiндеттi.
3. Сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының сақтандыру ұйымынан кiрiстерi мен шығыстары туралы баланс пен есептен тұратын және уәкiлеттi аудитор куәландырған жылдық қаржы есебiн сұратып алуға құқығы бар.
4-тарау. Сақтандыру делдалдығы
17-бап. Сақтандыру брокерiнiң қызметi
1. Сақтандыру брокерiнiң қызметi ерекше қызмет түрi болып табылады және оны уәкiлеттi орган лицензиялауға тиiс.
2. Сақтандыру брокерiнiң өзi қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиiстi шарттармен белгiленедi.
3. Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiне және оның қызметiнiң өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Сақтандыру брокерi, уәкiлеттi органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi анықтаған төлем қабiлетсiздiгi фактілері туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
18-бап. Сақтандыру агентiнiң қызметi
1. Сақтандыру агентiнiң сақтандыру рыногында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарымен белгiленедi.
Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретіндегі қызметiне жол берiлмейдi.
2. Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.
3. Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолмақол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.
5-тарау. Актуарийлік қызмет және аудит
19-бап. Актуарийлiк қызмет
1. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
2. Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.
3. Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша бастамашылық актуарийлiк есептеулер;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.
4. Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi. Актуарий өзiнiң қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жауап бермейдi.
5. Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен жауап бередi.
6. Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
20-бап. Аудит
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметiнiң аудитiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы бар уәкiлеттi аудитор жүзеге асырады.
2. Сақтандыру қызметiнiң аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
3. Уәкiлеттi аудитор, жүргiзiлген аудит туралы қорытындының көшiрмесiн, уәкiлеттi органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.
4. Уәкiлеттi аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiне мiндеттi аудит нәтижесiнде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.
6. Iшкi аудит жүргiзу тәртібі, уәкiлеттi органның талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Жарғылық капиталының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. Мемлекет өзi құрылтайшысы немесе акционерi болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттемелерi бойынша, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық капиталына салған қаражаты шегiнде жауапты болады.
4. Оффшорлық аймақта тiркелген, ұйым мәртебесi бар заңды тұлға не жарғылық капиталына тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғалар қатысатын заңды тұлға, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентiнiң құрылтайшысы бола алмайды.
Сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде оффшорлық деп танылатын аймақтардың тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметiн осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйым түрiнде құрылған және қоғам мүшелерi болып табылмайтын адамдардың мүдделерiн сақтандыруды жүзеге асыратын өзара сақтандыру қоғамының құқықтық мәртебесi, құрылу, лицензиялану, қызметiн реттеу мен тоқтату тәртібі осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады. Жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны жабық акционерлік қоғам болуға тиiс.
3. Жабық акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына соңғы толық қаржы жылы iшiнде үнемi залалсыз жұмыс iстеген және осы кезеңде уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап кемiнде бір жыл мерзiм өткеннен кейiн ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына жол берiледi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ресми мәртебесi заңды тұлғаның әдiлет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде мемлекеттік тiркеуден өтуiмен және уәкiлеттi мемлекеттік органның сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензиясы болуымен айқындалады.
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бірдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) тексеру комиссиясы - бақылау органы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi уәкiлеттi аудитордың, iшкi аудиттiң немесе актуарийдiң қорытындысы негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттілігi жөніндегі заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен ;ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары мен акционерлерi сатып алатын акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге мiндеттi.
2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына төлемдi, басқа заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлесi үшiн төлем ретiнде енгізген активтерi сомасын шегерiп тастап, өзiнiң меншiктi капиталы шегiнде ақшамен төлеуге құқылы. Мұндай шектеу орнықты инвесторларға қолданылмайды.
3. Жеке және заңды тұлғалардың қарызға, кепiлге алған қаражатты немесе өзге де тартылған қаражатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына төлеу үшiн пайдалануына тыйым салынады.
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның келісімiмен ғана акцияларға бақылау жасау құқығы бар акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
6. алып тасталды
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылу кезеңiнде ешбір тұлғаның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес проценттен астамын тiкелей немесе қосылма тұлғалар арқылы иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы жоқ.
Мемлекет құратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сондай-ақ негiзгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы құратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына мұндай тыйым салу қолданылмайды.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамын иелену, пайдалану және оған билiк ету үшiн оның қызметi кезеңiнде жеке және заңды тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге уәкiлеттi органның рұқсатын алуы қажет. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығын иемденуге рұқсат беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығына рұқсат беруден бас тартуға және берiлген рұқсатты керi қайтарып алуға өтiнiш берушiнiң қаржылық тұрақсыздығы негiз болады.
4. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бақылау жасау құқығы бар құрылтайшылардан, акционерлерден және өзге де заңды тұлғалардан құрылтай құжаттары мен қаржы есептерін табыс етудi талап етуге, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан аталған тұлғалардың қаржылық тұрақтылығы мәселелерi жөнiнде қажеттi мәлiметтер сұратуға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті органға мынадай құжаттар табыс етiледi:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш;
2) нотариат куәландырған және заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) үш данасы;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар;
4) құрылтайшылар - заңды тұлғалар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған заңды тұлға ретiнде олардың мемлекеттік тiркеуден өткенi туралы нотариат куәландырған куәлiктiң көшiрмесi; нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының көшiрмесi; бухгалтерлiк баланстар, аяқталған соңғы екi қаржы жылындағы және құжаттар берiлерден бұрынғы тоқсанның аяғындағы кiрiстерi мен шығыстары туралы есептер; аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептi тексеру туралы аудиторлық қорытынды қамтылады;
5) құрылтайшылар - жеке адамдар туралы мәлiметтер (ондай құрылтайшылар болған жағдайда), оған салық қызметi органдары куәландырған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес талап етiлетiн табыс және мүлiк туралы декларация қамтылады;
6) құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таяудағы үш жылға арналған актуариймен куәландырылған ұйымдастыру шараларының жоспарын, даму жоспары мен капиталды дамыту көздерi мен жоспарын, күтіліп отырған төлем қабiлетiнiң шектерi мен қаржы нәтижелерiнiң болжамын қамтитын бизнес-жоспар;
6-1) басшы қызметкерлер лауазымдарына сайланатын (тағайындалатын) тұлғалар туралы мәлiметтер;
7) өтiнiш берушiнiң құрылтайшылар атынан өтiнiш беру өкiлеттiгiн растайтын нотариат куәландырған құжат.
2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттің заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттік органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 4)-6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсаттың, ол берiлген күннен бастап, алты ай бойына заңды күшi болады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган осы Заңда көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын керi қайтарып алуы мүмкiн.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiлген кезде уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берушi осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган сұратқан соңғы құжатты табыс еткен күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
7. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы оның өзi көрсеткен жерiне (тұрғылықты жерiне) жазбаша хабарлайды.
28-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тарту негiздерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден:
1) табыс етiлген құжаттардың осы Заңның 27-бабының 1-3-тармақтарында аталған талаптарға сәйкес болмауы;
2) құрылтайшының акцияларға төлем жасау үшiн өз қаражатының жеткiлiксiз болуы;
3) уәкiлеттi органға құрылатын ұйым мен оның құрылтайшыларына қатысты жалған ақпарат берiлу негiздерi бойынша бас тартылуы мүмкiн.
2. Уәкiлеттi орган осы Заңның 27-бабының 6-тармағында көзделген мерзiмде өтiнiш берушiге бас тарту негiзiн көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беруден бас тартқаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
29-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты қайтарып алу негiздерi
Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берiлген рұқсатты:
1) оның жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейiнгi кезеңде сақтандыру iсiн және сақтандыру iсiне байланысты қызметтi жүзеге асырған;
3) уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш бермеген жағдайларда керi қайтарып алуға құқылы.
30-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеу
1. Әдiлет органдары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi органның оны құруға берген рұқсаты және оның құрылтай құжаттарының уәкiлеттi органмен келісілгенiн растайтын деректер болған жағдайда жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары оны құруға уәкiлеттi органның рұқсатын алған күннен бастап екi айдан кешіктiрмей әділет органына оны мемлекеттік тіркеу үшін өтініш жасауға мiндеттi.
31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткiзiлгенге дейiн уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келісілуге не әдiлет органдарына хабарлануға тиiс.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды алдын ала келiсу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
32-бап. Еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға құқылы.
2. Еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасы резидентiнiң мәртебесiне ие сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға құқылы емес.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруына тыйым салынады.
4. Рейтингтiк агенттiктердiң бірiнiң белгiлi бір рейтингiне ие Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентiне - еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатынасы бойынша негiзгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн және ең төменгi рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң толық атауында "еншiлес" деген сөздi және негiзi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi атауын (толық немесе iшiнара) көрсетуге мiндеттi.
33-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (өкiлдiгiн) құру, тарату
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (өкiлдiгiн) құру (тарату) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының (өкiлдiгiнiң) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауына сәйкес келетiн атауы болады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзiнiң филиалын (өкiлдiгiн) ашуға уәкiлеттi органның келісімiн алуға мiндеттi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (өкiлдiгiн) ашуға келісім беру туралы мәселенi уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап бір ай мерзiмде қарауға тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкiлдiгiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
6. Уәкiлеттi мемлекеттік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға берiлген келісімдердiң есебiн жүргiзедi.