«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1422 және 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулыларына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 798 Қаулысы
(2007.20.04. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 27-жолда:
2-бағандағы "Кәсiпкерлiк туралы" деген сөздер "Жеке кәсiпкерлiк туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-бағандағы "Б.С.Смағұлов" деген сөздер "И.М.Кравченко" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Қазақстан ИСМ сәуiр мамыр тамыз И.М.Кравченко
Республикасының
кейбір заңнамалық
кесiмдерiне
кәсiпкерлiк
мәселелерi
бойынша
өзгерістермен
толықтырулар
енгізу туралы ";
2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |