«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 903 қаулысына өзгерiс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 795 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 36, 365-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
«10. Мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, құқықтық тәртiптi нығайту және қылмысқа қарсы күрес» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 10.23.-жолда, 5-бағанда «1 шiлдеге» деген сөздер «5 қыркүйекке» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |