«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 923
қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 792 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 443-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесінде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Астана, Алматы және Атырау қалаларында салынған тұрғын үйлердi сатып алу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке қаражаты.".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |