“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы
№ 886 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1272 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 740 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Гранттар тарту және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 тамыздағы № 886 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 286-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Гранттар тарту және пайдалану ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi:
1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттік бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi;
2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттік бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.";
21-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |