Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған
ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту
жөніндегі кезек күттiрмейтiн шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 1 тамыздағы № 775 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж.19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Жарғылық капиталында даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен мынадай акционерлік қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) құрылсын:
1) "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" (бұдан әрi Орталық);
2) "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" (бұдан әрi Инжиниринг орталығы).
2. Орталықтың негiзгi мiндеттерi мыналар:
әлемдiк экономикада олардың дамуының негiзгi үрдiстерiн анықтау және Қазақстанның бәсекелестiк артықшылықтарын табу мақсатында отандық және халықаралық рыноктарды, экономиканың салалары мен секторларын, әртүрлi өндiрiстердi талдау;
инвестициялық жобаларды олардың перспективалы бәсекелестiк қабiлетi, жүзеге асырылу және пайдалылық мәнiне талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасындағы iскерлiк ахуалын және экономикалық конъюнктураны талдау болып белгiленсiн.
3. Инжиниринг орталығының негiзгi мiндеттерi мыналар:
инжинирингтiк қызметтер көрсету;
озық шетелдiк технологиялар, өзге де инновациялық өнiмдер трансфертi және оларды Қазақстан Республикасында енгізу;
технологиялар трансфертi кезiнде консультациялық, ақпараттық, заңдық және өзге де қызметтер көрсету;
технологиялардың сыртқы және iшкi рыноктарының маркетингi және осы саладағы дамудың әлемдiк үрдiстерiн талдау болып белгiленсiн.
4. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен:
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Орталықтың жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне Инжиниринг орталығының жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер гранттары түрiнде мақсатты қаржыландыру үшiн Ғылым қорына белгiленген тәртiппен оларды аудару үшiн 100000000 (жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда министрлiктерiмен бірлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен тиiсiнше мыналарды:
1) құрылатын Қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруды;
2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында Қоғамды мемлекеттік тiркеудi;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi мыналардың акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену және пайдалану құқығын:
1) Орталықтың - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне;
2) Инжиниринг орталығының - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берсiн.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының құрамында ғылыми коммерцияландыру және инновациялық даму бөлiмшесiн құру жөніндегі шараларды қабылдасын.
8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір апта мерзiмде гранттық негiзде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру мақсатында "Ғылым қорының кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 қыркүйектегi № 1048 қаулысымен бекітілген Ғылым қоры туралы ережеге тиісті өзгерістер мен толықтыруларды әзiрлесiн.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-2-жолмен толықтырылсын:
"268-2 "Маркетингтік-талдамалық
зерттеулер орталығы АҚ";
"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-14-жолмен толықтырылсын:
"237-14 "Инжиниринг және технологиялар
трансфертi орталығы АҚ";
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-51-жолмен толықтырылсын:
"21-51 "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ";
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-86-жолмен толықтырылсын:
"123-86 "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ".
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 4-тармағына сәйкес бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |