7-бөлім. Орта мерзiмдi және бюджеттік жоспарлауды үйлестiру
25. Республикалық орта мерзiмдi жоспар және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарлары тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде негiз болып табылады.
26. Орта мерзiмдi жоспардың аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы негiзiнде мемлекеттік бюджеттiң алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерi әзiрленедi.
27. Республикалық орта мерзiмдi жоспар және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарлары қолданылып жүрген және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың тiзбесiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттерге енгізу үшiн басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн белгiлейдi.
8-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарларды iске асыруды бақылау
28. Министрлiк орта мерзiмдi жоспарлардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
29. Министрлiк тоқсан сайын елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және ?кімет Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ?кіметтi хабардар етедi және жекелеген iс-шараларға түзету жасау жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
30. ?кімет экономика мен әлеуметтiк сала дамуының жай-күйi және аса маңызды проблемаларды шешу жөнiнде қабылданатын шаралар туралы Қазақстан Республикасының Президентiн хабардар етедi.