16-бап. Жұмыстарды орындаудың шарттары
1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген жұмыстар мен қызмет түрлерiн мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде белгіленген тәртiппен бекітілген бағдарламаларға, жобаларға, жоспарларға, бюджеттерге және сметаларға сәйкес орындайды.
2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар, қоршаған ортаны қорғау, жүргiзiлетiн жұмыстардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбауға бағытталған шараларды жүзеге асыру жөніндегі және мұндай әсердiң салдарын жою жөніндегі экологиялық талаптарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, сондай-ақ жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу, жер қойнауын, халықтың денсаулығын қорғау бойынша және қазақстандық мазмұн бойынша белгiленген тәртiппен бекітілген стандарттар (нормалар, ережелер) сақтала отырып орындалады.
3. Тараптар келiскен тәртiппен Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлетiн қондырғыларды, құрылыстарды және мүлiктi қоспағанда, мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар жүргiзiлген аумақтарды ластанудан тазартуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар аяқталысымен теңiздегi барлық құрылыстарды, қондырғыларды және өзге де мүлiктi жоюды жүзеге асыруға мiндеттi.
17-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша басқару комитетi
Тараптар өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтi үйлестiру мақсатында басқару комитетiн құруды көздеуге тиiс. Басқару комитетiнiң құрамына әр мердiгерден саны тең өкiлдер кiредi. Құзыреттi орган өкiлдерiнiң саны мердiгерлер өкiлдерiнiң санына тең болуға тиiс.
Басқару комитетiнiң сан құрамы, құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ оның жұмыс тәртібі өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде айқындалады.
18-бап. Өнiм бөлу жөніндегі келісімнiң операторы
1. Мердiгер немесе мердiгердiң тапсыруы бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң операторы өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыруды, оның iшiнде есеп пен есептiлiк жүргiзудi осы Заңға сәйкес жүзеге асырады. Осы мақсаттар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында мердiгер құрған заңды тұлғалар не Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, мердiгер осы мақсаттар үшiн тартатын заңды тұлғалар қызмет нысанасы аталған жұмыстарды ұйымдастырумен шектелуге тиiс осындай оператор ретiнде әрекет етуi мүмкiн.
2. Мердiгер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім операторының iс-әрекетi үшiн өзiнiң жеке iс-әрекетi сияқты мемлекет алдында мүлiктiк жауаптылықта болады.
3. Оператордың қызметiн қаржыландыруды мердiгерлер арасындағы бірлескен қызмет туралы келісімде айқындалған шарттармен мердiгер бекiткен смета шегiнде мердiгер жүзеге асырады.
4. Мердiгер оператордың қызметiн басқару үшiн мердiгердiң өкiлдерiнен операциялық комитет құруы мүмкiн.
19-бап. Мүлiкке меншік құқығы
1. Егер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде өзгеше көзделмесе, жаңадан жасалған немесе мердiгер сатып алған және өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау үшiн өзi пайдаланатын мүлiк мердiгердiң меншiгi болып табылады.
Егер аталған мүлiк операторға берiлсе немесе оны оператор мердiгердiң қаражаты есебiнен сатып алса, бұл ереже өзгермейдi.
2. Аталған мүлiктiң құны толық өтелген кезден бастап немесе өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң күшi тоқтатылған күннен немесе өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген шарттармен және тәртiппен тараптар келiскен өзге мерзiмнен бастап аталған мүлiкке меншiк құқығы мердiгерден мемлекетке өтуi мүмкiн. Бұл орайда өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылу мерзiмi iшiнде мердiгерге өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстар жүргiзу үшiн өтеусiз негiзде мұндай мүлiктi пайдалануға айрықша құқық берiледi және мердiгер өзiнiң пайдалануындағы мүлiктi ұстаудың ауыртпалығын және оның кездейсоқ жойылуын немесе кездейсоқ бүлiнуiн өз тәуекелiне алады.
3. Аталған мүлiкке меншік құқығы мемлекетке өткен жағдайда, оны республикалық меншiкке жатқызу тәртібін, сондай-ақ осы мүлікті кейiннен пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
20-бап. Мұнайды тасымалдау, сақтау және өңдеу
1. Мердiгердің, қандай да болсын кемсiту жағдайынсыз, шарт негiзiнде магистральдық құбыр тасымалы объектілеріне еркiн қол жеткізуге құқығы, сондай-ақ шарт негізiнде магистральдық құбыр объектілерін және өзге де тасымал түрлерiн, мұнайды сақтау және өңдеу объектілерін еркiн пайдалануға құқығы бар.
2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша мердiгердiң жұмыстарды орындау шеңберiнде мұнайды сақтау, өңдеу және тасымалдау объектілерін салуға құқығы бар.
21-бап. Өнімдi бөлу жөніндегi келісімдi орындау кезiндегі салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер
1. Мемлекет пен мердiгердiң арасында өндiрілген өнiмдi бөлу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалатын өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдерде көзделедi.
2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi орындаған кезде салық мiндеттемелерiн орындауды мердiгер өнiмдi бөлу жөнiнде келісімдi жасау кезiнде қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мердiгердiң өтелетiн шығындары және өтелмейтiн шығындарының құрамы Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
22-бап. Есепке алу және есептілік
1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындаған кезде мердiгердің қаржы-шаруашылық қызметiн есепке алу өнiмдi бөлу жөніндегі әрбір келісім бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады, сондай-ақ ол өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге байланысты емес өзге қызметтi орындаған кезде есепке алу қызмет түрлерi бойынша бөлек жүргiзiледi. Есепке алудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындаған кезде бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен немесе мердiгер шетелдiк инвесторды таңдаған кезде шетел валютасымен жүргiзiледi. Егер бухгалтерлiк есепке алудың жүргiзiлуi шетел валютасымен жүзеге асырылған жағдайда, мемлекеттік органдарға берiлетiн қаржы есептiлiгiнде қабылданған шетел валютасымен де, теңгемен де есептелген деректер болуға тиiс. Бұл орайда шетел валютасымен есептелген барлық деректер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржы есептiлігі туралы заңнамасында және есептiлік жасалған күнгi бухгалтерлiк есепке алу стандарттарында белгiленген тәртіппен теңгемен есептелуге тиiс.
23-бап. Банк шоттары және валюталық реттеу
Мердігердің немесе оның операторының өнімді бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау үшiн ғана пайдаланылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және (немесе) Қазақстан Республикасының банктерiнде және (немесе) шетел банктерiнде шетел валютасымен банк шоттары болуға тиiс. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша валюталық операцияларды жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
24-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша құқықтар мен мiндеттердi беру
1. Мердiгердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға, егер осы тұлғалардың өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi жеткiлiктi қаржылық және техникалық ресурстары мен басқару қызметiнiң тәжiрибесi болған жағдайда, толық немесе iшiнара беруге құқығы бар.
Мердігер өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өз құқықтарын заңда белгіленген тәртiппен толық көлемде үшiншi тұлғаға берген кезде оған мердiгердiң жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелерiн инвестициялау жөніндегі қосымша шарт бойынша барлық құқықтары мен мiндеттерi өтедi.
Мердiгер заңда белгiленген тәртiппен үшiншi тұлғаға өз құқықтарын iшiнара берген кезде оған бірлескен қызмет туралы шартпен келісілген берушi және қабылдаушы тараптар арасындағы өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша және мердiгердiң жоғары технологияларды, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды дамыту, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi салу және бірлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелерiн инвестициялау бойынша қосымша шарт жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi өтедi.
2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша құқықтар мен мiндеттердi беру өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын арнайы шарт жасасу арқылы өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде айқындалған тәртіппен жазбаша нысанда жасалады және өнiмдi бөлу жөніндегі қолданыстағы келісімге тиiстi өзгерістер енгізумен бірлесе жүргiзіледi.
3. Мердігер құзыретті органның келісімiмен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi орындауға байланысты жасалатын шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн өзiне тиесiлi мүлiктiк құқықтарды (мүлiктi) кепiл ретiнде пайдалануы мүмкiн.
25-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісiмнiң шарттарының тұрақтылығы
1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнің шарттары бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде өз күшiн сақтайды. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдегi өзгерістерге тараптардың өзара келісімi бойынша ғана жол берiледi.
2. Егер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылу мерзiмi iшiнде мердiгердiң өнiмдi бөлу жөніндегі келісім шеңберіндегі қызметінің коммерциялық нәтижелерiн нашарлататын немесе жақсартатын нормалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген жағдайда, өнiмдi бөлу жөніндегі келісім жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасын қолданған кезде ол алуы мүмкiн коммерциялық нәтижелердi мердiгерге қамтамасыз ететiн өзгерістер өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге енгiзiледi.
Мұндай өзгерістердi енгізу тәртібі өнiмдi бөлу жөніндегі келісіммен айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жер қойнауын, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі стандарттарға (нормаларға, ережелерге), соның ішінде оларды халықаралық тәжiрибеде қабылданған осындай стандарттарға (нормаларға, ережелерге) сәйкес келтiру мақсатында өзгерістер енгiзiлген жағдайда, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң шарттарын өзгерту туралы аталған ереже қолданылмайды.
3. Шарттарға тараптардың келісімi бойынша өзгерістер енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы мердiгерлер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер шарттарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.
Осы кепілдіктер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге және (немесе) акцизделетiн тауарларды импорттаудың, өндiрудiң, сатудың тәртібі мен шарттарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне;
2) ұлттық және экологиялық қауіпсiздiктi, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілетiн өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.
26-бап. Мердігер құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері
1. Мердiгерге өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес иемденіп алған және жүзеге асыратын мүліктiк және өзге де құқықтарының қорғалуына кепiлдік берiледi.
2. Тиiстi қадағалау органдарының жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi, жер қойнауын, қоршаған ортаны, халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қоғамдық және ұлттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беретiн нұсқамаларын қоспағанда, атқарушы билiк органдарының, сондай-ақ жергіліктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерінің күшi, егер аталған актiлер мердiгердiң өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге сәйкес иемденiп алған және жүзеге асырып жатқан құқықтарына шектеулер белгiлейтiн болса, мердігерге қолданылмайды.
27-бап. Мемлекеттің экономикалық мүдделерi
Өнімдi бөлу жөніндегі келісімдi қолдану процесiнде мемлекеттің мынадай экономикалық мүдделерiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жоғары технологияларды енгізуге, жаңа және өңдеу өндiрiстерiн, магистральдық және өзге де құбырларды, инфрақұрылымдық және өзге де объектілердi құруға;
2) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде өнімдi бөлу жөніндегі келісімде айқындалатын мөлшерде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне сәйкес, Қазақстаннан шыққан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтердi пайдалануға;
3) республиканың iшiнде өңдеу үшiн мердiгер мұнайының белгiлi бір көлемiн жеткiзiп берудi қамтамасыз етуге;
4) қазақстандық жұмыс күшiн тартуға және шетелдiк жұмыс күшiн пайдалануды шектеуге;
5) қазақстандық ұйымдарды жобаның операторы ретiнде тартуға;
6) пайда келтiретiн өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн алуға;
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынатын белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алуға;
8) кен орнының экономикалық құндылығын және пайдалы қазбалар көлемiнiң болжамды есептеулерін ескере отырып, келісім-шартта айқындалған қол қою бонусын алуға;
9) мердігерге мұнай өндіру үшін экономикалық жағынан тиiмдi болып табылатын келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табу үшiн коммерциялық табу бонусын алуға;
10) ұлттық компания арқылы мемлекеттің жобаға қатысуынан қосымша кiрiстер алуға;
11) құны толық өтелген мүлiкті мердiгерден алуға қол жеткiзiледi.
28-бап. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң орындалуын мемлекеттік бақылау
1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнің орындалуын мемлекеттік бақылауды құзыреттi орган жүзеге асырады.
2. Өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегiнде мердігердiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
29-бап. Тараптардың өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша жауаптылығы
Тараптар өнiмдi бөлу жөніндегі келісім бойынша өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиісiнше орындамағаны үшiн келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Өнімдi бөлу жөніндегі келісімнiң қолданылуын тоқтату
1. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісім оның қолданылу мерзiмi аяқталған соң немесе тараптардың келісімi бойынша мерзiмiнен бұрын, сондай-ақ басқа да негiздер бойынша және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімге қол қойылған күнi қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және өнiмдi бөлу жөніндегі келісімде көзделген тәртiппен тоқтатылады.
2. Осы Заңға сәйкес инвесторға салық салу тәсiлдерi туралы ережелерi өнiмдi бөлу жөнiндегі келісімге қол қойылған күннен бастап бір жыл iшiнде күшiне енгiзілмеген өнiмдi бөлу жөніндегі келісім осы баптың 1-тармағында көзделген шарттар сақталмастан, қол қойылған күнiнен бастап бір жыл өткен соң қолданылуын тоқтатады.
31-бап. Дауларды шешу
1. Өнiмдi бөлу шарттарымен мұнайды бірлескен барлау мен өндiрудi немесе өндiрудi жүргiзу жөніндегі қатынастарға Қазақстан Республикасының айрықша құқығы қолданылады.
2. Өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдердi орындауға, өзгертуге, тоқтатуға және олардың жарамсыздығына байланысты мемлекет пен мердiгер арасындағы даулар өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң шарттарында көзделетiн рәсiмдерге сәйкес келiссөздер арқылы шешiледi.
3. Дауды шешуге қол жеткiзiлмеген ретте осы баптың 2-тармағына сәйкес, өнiмдi бөлу жөніндегі келісімнiң кез келген тарапы дауды "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген органдардың қарауына беруге құқылы.
32-бап. Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдер туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
33-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн өнiмдi бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасы жасасқан келісімдер өз күшiн сақтайды.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн барлау үшiн келісім-шарттық аумақты алған және барлауға арналған келісім-шарттың қолданылу кезеңiнде құзыреттi органның атына коммерциялық табу туралы мәлiмдеме жасаған мердiгерлер өздерінің қалауы бойынша құзыретті органмен конкурссыз негiзде Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық актілеріне сәйкес өнiмдi бөлу жөніндегі келісімдi немесе өзге де келісім-шарт түрлерiн жасасуға құқылы.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і.
№ 68-III ҚРЗ