6. Кредиттi ресiмдеуге және беруге байланысты барлық қажеттi шығыстарды кредит алған қатысушы өтейдi.
21-бап. Кредиттiк серіктестік жүргiзетiн
операциялардың құпиясы
1. Кредиттiк серіктестік жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер коммерциялық құпияға жатады және оған қатысушылардың ең төменгi мөлшерден асатын мiндеттi салымдары мен қосымша жарналары туралы, қарыз алушылар туралы, кредиттiк серіктестіктiң операциялары туралы мәлiметтер (операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ кредиттiк серіктестіктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүліктiң иелерi, олардың болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер жатады.
2. Кредиттiк серіктестіктер жүргiзiлетiн операциялар жөніндегі құпияға, сондай-ақ кредиттiк серіктестіктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң құпиялылығына кепiлдiк бередi.
3. Кредиттiк серіктестіктiң қатысушылары және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыру барысында кредиттiк серіктестік жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн, осы баптың 4-7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдарда көзделген жауаптылықта болады.
4. Кредиттiк серіктестік жүргiзетiн операциялардың құпиясы тек мүлiктiң иесiне ғана, оның өзiнiң қатысуы кезiнде берген жазбаша келісімi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 5-7-тармақтарында аталған тұлғаларға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкiн.
5. Қарыз алушылар, клиенттер және кредиттiк серіктестік жүргiзетiн операциялар туралы анықтамалар, сондай-ақ банк шоттары, кредиттiк серіктестіктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң сипаты және құны туралы мәлiметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: бірiншi басшы немесе тергеушi қол қойған, анықтау немесе алдын ала тергеу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде кредиттiк серіктестіктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлiктi тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға: кредиттiк серіктестіктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкіне тыйым салынуы, өндiрiп алынуы немесе мүлікті тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде оның қарауында жатқан материал бойынша;
4) кредиттiк серіктестік қатысушысының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.
6. Иесi қайтыс болған жағдайда банк шоттары, сондай-ақ кредиттiк серіктестіктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер:
1) шот (мүлiк) иесiнiң өсиет хатында аталған адамдарға;
2) соттарға және нотариат кеңселерiне: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Кредиттiк серіктестік жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтер оның сауал салуы бойынша уәкiлеттi органға да берiлуi мүмкiн.
22-бап. Кредиттiк серіктестіктiң кредиттiк комитетi
1. Кредиттiк комитеттiң мүшелерiн қатысушылар және (немесе) кредиттiк серіктестіктiң қызметкерлерi болып табылатын өзге де тұлғалар арасынан кредиттiк серіктестіктiң басқармасы тағайындайды.
2. Кредиттiк комитет кредиттiк серіктестік қатысушысының кредит алуға берген әрбір өтiнiшi бойынша қорытынды әзiрлейдi және өзiнiң мәжілістерiн қажеттiлiгiне қарай өткiзедi.
7-тарау. Кредиттiк серіктестіктертiң қызметін реттеу
23-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Кредиттiк серіктестік қатысушыларының мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) кредиттiк серіктестіктерге банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi;
2) кредиттiк серіктестіктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) мерзiмдi баспа басылымдарында банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар кредиттiк серіктестіктер туралы мәлiметтердi жариялайды;
4) пруденциялық нормативтер мен кредиттiк серіктестіктер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;
5) кредиттiк серіктестіктер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi шығарады;
6) қаржылық, реттеуiштiк және бухгалтерлiк есептiлiктiң нысандарын, тәртібін, мерзiмдiлiгiн және берiлу мерзiмдерiн белгiлейдi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
24-бап. Кредиттiк серіктестіктердiң қызметiн инспекциялау
1. Уәкiлеттi орган кредиттiк серіктестіктiң қызметiн инспекциялауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дербес не басқа ұйымдарды тарту арқылы жүргiзуге құқылы.
2. Инспекциялауды жүзеге асыратын адамдар кредиттiк серіктестіктердiң қызметiн тексеру барысында алған және коммерциялық құпиясы бар мәлiметтердi жариялағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
25-бап. Кредиттiк серіктестіктерге қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдануға негiздемелер
1. Кредиттiк серіктестік пруденциялық нормативтердi және сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерін бұзған жағдайда оған осы бапта белгiленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн. Ықпал ету шаралары шектеулi ықпал ету шаралары мен санкцияларды бiлдiредi.
2. Уәкiлеттi орган кредиттiк серіктестікке шектеулi ықпал ету шаралары ретiнде мына шектеулi шараларды қолдануға:
1) мiндеттеме-хатты талап етуге;
2) орындалуы үшiн мiндеттi жазбаша нұсқама бepугe құқылы.
Кредиттiк серіктестіктiң мiндеттеме-хатында жiберiлген кемшiлiктердi тану фактiсi және кредиттiк серіктестік басқармасы төрағасының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жоспарланған iс-шаралардың тiзбесiн көрсете отырып жою жөніндегі кепiлдiгi болуға тиiс.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасы - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған түзету шараларын қабылдау туралы кредиттiк серіктестікке нұсқау. Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтатпайды.
Кредиттiк серіктестік мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаманың құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалуы туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
3. Шектеулi ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
4. Уәкiлеттi орган кредиттiк серіктестікке санкция ретiнде мынадай шаралар қолдануға құқылы:
1) лицензияны Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздемелер бойынша тоқтата тұру не керi қайтарып алу;
2) кредиттiк серіктестік басқармасының төрағасын кредиттiк серіктестіктiң тиiстi органы бұл мәселенi қарауға дейiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан уақытша (бір айдан аспайтын мерзiмге) мынадай негiздер:
осы Заңда көзделген қызметтi жүзеге асыруға байланысты мiндеттердi тиiсiнше орындамау;
уәкiлеттi органның мiндеттеме-хатын және жазбаша ұйғарымын орындамау;
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын бұзу негiздерi бойынша шеттету.
5. Уәкiлеттi орган банктiк және өзге де операциялардың бұзылу сипатына қарай барлық түрiн не олардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға берiлген лицензияларды тоқтатады не керi қайтарып алады.
Уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы ақпаратты мерзiмдiк баспа басылымдарында жариялайды.
6. Осы бапта көзделген ықпал ету шараларын кредиттiк серіктестікке қолдану туралы уәкiлеттi органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
26-бап. Кредиттiк серіктестіктi қайта ұйымдастыру және тарату
1. Кредиттiк серіктестік қатысушыларының шешiмi бойынша, сондай-ақ оған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттi кредиттiк серіктестік органының шешiмi бойынша серіктестік кез келген негiздеме бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Соттың шешiмi бойынша кредиттiк серіктестік:
1) банкрот болған;
2) банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға берiлген лицензиялар керi қайтарып алынған;
3) қатысушылардың саны үштен кем болған және (немесе) жарғылық капитал ең төменгi деңгейден азайған жағдайларда;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Уәкiлеттi орган осы тармақта аталған негiздер бойынша кредиттiк серіктестіктi тарату туралы талапты сотқа табыс етуi мүмкiн.
3. Кредиттiк серіктестіктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырады.
27-бап. Кредиттiк серіктестіктердегi есепке алу және есептiлiк
1. Кредиттiк cepiктecтiктep өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес жүзеге асырады. Кредиттiк серіктестіктiң есепке алу саясатын оның жалпы жиналысы айқындайды.
2. Кредиттiк серіктестіктер уәкiлеттi органға оның сауал салуы бойынша өзiнiң меншiк қаражаты, жүргiзiлген операциялар туралы, оның iшiнде берiлген және алынған кредиттердiң мөлшерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, кез келген ақпаратты табыс етуге мiндеттi.
3. Кредиттiк серіктестік бухгалтерлiк есепке алу мен есептiлiктi жасаған кезде пайдаланылатын құжаттарды қатаң есепке алуды және олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Кредиттiк серіктестіктер жүргiзiлген жыл сайынғы аудит туралы қорытындыны уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
5. Кредиттiк серіктестік салық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiппен табыс етедi.
8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
28-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк серіктестіктер туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк серіктестіктер туралы заңдарын бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
29-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған кредиттiк серіктестіктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бір жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған селолық кредиттiк серіктестіктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап төрт жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгізуге және өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының