“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 725 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 15-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесінде:
4-тармақтың төртінші абзацында:
"су ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережеге" деген сөздер "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |