Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі № 661 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы № 580 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдістемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 шілдедегi № 661 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесінде:
2-тармақтағы «9-бабының 1-3-тармақтарында» деген сөздерден кейiн», 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «2) - 4)»деген сандар «2), 4)»деген сандармен ауыстырылсын;
14-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн ұсынады.
I және II топтағы мүгедектер, егер мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.»;
көрсетiлген Ережеге қосымшада:
«- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне» деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене отырып;»;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiнде:
2-тармақтың бiрiншi абзацы «адамдарға» деген сөзден кейiн», сондай-ақ, егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектерге» деген сөздермен толықтырылсын
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |