Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 маусымдағы
№ 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 707 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртібi туралы» Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 11 маусымдағы № 731 қаулысына (Қазақстан Республиксының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердiң қаражаты есебiнен тағайындаудың және төлеудiң тәртібі туралы Нұсқаулықта:
кiрiспедегi «1999 жылдың 18 сәуiрiнен бастап» деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтағы «бiр жарым жасқа» деген сөздер «үш жасқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |