“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы
№ 148 қаулысына толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі № 705 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк iссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 75-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың 2) тармақшасы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасарлары" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі келiссөздердегi Қазақстан Республикасының арнайы өкілі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |