«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1422 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 691 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ?кіметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 26-жолдың 2-бағанындағы «Инновациялық қызмет туралы (жаңа редакцияда)» деген сөздер «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |