281) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеуді қамтамасыз етеді;
282) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды;
282-1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша болатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тiркеудi қамтамасыз етеді;
282-2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тiркеудi қамтамасыз етеді;
283) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) ресімдеуді қамтамасыз етеді;
283-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
284) сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
285) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;
286) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
287) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
287-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
287-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
287-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
287-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
287-5) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
287-6) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
287-7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
287-8) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасады;
287-9) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асырады;
287-10) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсынады;
287-11) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
287-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерімен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды;
287-13) адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлердің алдын алу, оларды бағалау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жүзеге асырады;
287-14) Қазақстан Республикасының адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, болғызбау, олардың жолын кесу және ашу саласындағы заңнамасын қолдану практикасын жинақтайды, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
287-15) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
287-16) адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру процесінде адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді;
287-17) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді;
287-18) халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
287-19) халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
287-20) халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
287-21) халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
287-22) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауды жүзеге асырады;
288) жеке басты куәландыратын құжаттарды: Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;
289) Ұлттық ұланның кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орнына қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
290) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
291) Ұлттық ұланның міндеттерін орындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
292) Ұлттық ұланда әскери қызмет өткеру нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
293) ішкі істер органдары жүйесінде кинологиялық қызметті дамытуды ұйымдастырады;
294) ішкі істер органдарында іс жүргізудің және архив ісін ұйымдастырудың біртұтас мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
295) Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен ұйымдар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
296) Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;
297) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомостволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
298) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын әзірлейді;
299) азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
300) атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
301) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
302) қылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші орган туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
303) ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
304) жоғары білімнің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
305) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
306) ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
307) ішкі істер органдары жүйесінде ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
308) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
309) алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
310) ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
311) ведомстволық және жедел есепке алуды құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
312) жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
313) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
314) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жол жүрісі қауіпсіздігінің жай-күйі туралы мемлекеттік баяндаманы енгізеді;
315) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан олардың Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауы туралы мәліметтерді сұратады және алады;
316) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
317) сәйкестендiрiлген деректердiң сыныптауыштары мен анықтамаларын жүргiзу тәртiбiн, олардың құрылымын, құрамы мен форматын белгiлейдi;
318) қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүру және өз мүлкін тасымалдау шығындарының өтелуіне құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін айқындайды;
319) ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады;
320) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
321) қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды есеп алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
322) арнаулы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
323) қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
324) арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
325) ішкі істер органдарының әрекеттегі резервінің қызметкері мен әскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
326) өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
327) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза беру тәртібін айқындайды;
328) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына мониторинг жүргізеді;
329) ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларын, қабылдау-бөлу орындарын, арнаулы қабылдау орындарын және арнаулы үй-жайларын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
330) аумақтық қорғанысты жоспарлауға қатысады;
331) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға жан-жақты дайындауды жүзеге асырады және олардың ұдайы әзірлікте болуын қамтамасыз етеді;
332) аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін бөлінетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдардың және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрамын айқындайды;
333) аумақтық қорғаныс жоспарларына сәйкес аумақтық қорғаныс объектілерін қорғауды және олардың қорғанысын жүзеге асырады;
334) қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асырады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
335) эвакуациялық іс-шараларды жоспарлайды және жүргізуге қатысады;
336) соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тиісті әскери басқару органдарына бағынуын қамтамасыз етеді;
337) көшіп келушілерді тіркеу тәртібін айқындайды;
338) қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
339) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады және шаралар қабылдайды;
340) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Президентiнің және Үкiметiнің актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылық етуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
ҚР Үкіметінің 2025.10.04. № 222 Қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:
1) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ комитеттер төрағаларының және Министрліктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
5) Министрліктің атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi құқықтық актілер, өз құзыреті шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi нормативтік құқықтық актілер шығарады;
6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды;
7) ішкі істер органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен босатады;
8) азаматтарды Министрліктің кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және полиция (әділет) полковнигiне дейiнгіні қоса алғанда, кезектi арнаулы атақтар, сондай-ақ Министрліктің әскери қызметшiлерiне полковникке дейiнгіні қоса алғанда, әскери атақтар бередi;
9) Қазақстан Республикасының Президентiне ішкі істер органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға жоғары әскери арнаулы атақтар беру туралы ұсынымдар енгiзедi;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді, әскери қызметшілерді және жұмыскерлерді тәртіптік жазаға тартады және оларға көтермелеу шараларын қолданады;
11) өз құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлiмшелерiн, Министрліктің ведомстволарын, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
13) ҚР Үкіметінің 2025.10.04. № 222 Қаулысымен алып тасталды (2025 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы бөлу шегiнде iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе Министрліктің лауазымды адамы басқарады.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Алатау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан» санаторийi» акционерлiк қоғамы.
2. «Арман» санаторийi» акционерлiк қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
«Қазақстан Республикасы ішкi iстер органдарының медиа-орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. ҚР Үкіметінің 2025.28.08. № 689 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.17.11. № 914 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.13.04. № 302 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.02.06. № 440 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.08.08. № 656 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.20.05. № 395 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.21.06. № 492 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.18.12. № 1066 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.11.11. № 959 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi.
5-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жетісу облысының полиция департаментi.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаментi.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
7-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментi.
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының полиция департаментi.
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаментi.
10-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысының полиция департаментi.
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаментi.
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi.
13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаментi.
14. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаментi.
15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментi.
16. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркiстан облысының полиция департаментi.
17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаментi.
18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлiктегi полиция департаментi.
19. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Алматы» ауданының полиция басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Есiл» ауданының полиция басқармасы.
21-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті «Нұра» ауданының полиция басқармасы.
21-2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті «Сарайшық» ауданының полиция басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Көкшетау қаласының полиция басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Степногорск қаласының полиция басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Ақкөл ауданының полиция бөлiмi.
26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Аршалы ауданының полиция бөлiмi.
27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Астрахан ауданының полиция бөлiмi.