“Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда қазақстандық
қатысуды ұлғайту жөнiнде жұмыс тобын құру туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 21 маусымдағы
№ 169-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2007.31.05. № 442 Қаулысымен күші жойылды
Заңнаманы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда қазақстандық қатысуды ұлғайту бөлiгiнде жетiлдiру жөніндегі шараларды iске асыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда вице-министрi, жетекшi
Қажыкен - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мейрам Зекешұлы сауда министрлігі Өнеркәсiп және ғылыми-
техникалық дамыту комитетiнiң төрағасы,
жетекшiнiң орынбасары
Әбдиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Күлпаш Вениаминқызы сауда министрлігінiң Индустриялық-
инновациялық дамыту департаментi машина
жасау және қорғаныс өнеркәсiбi
басқармасының бастығы, хатшы
Ғайнуллиев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Амантай Өтегенұлы Салық комитетiнiң № 1 Өңiраралық салық
комитетi келісім-шарттарды талдау және
сараптау басқармасының бастығы
Несонова - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Татьяна Сергеевна сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және
ғылыми-техникалық дамыту комитетi өңдеу
және тау-кен өндiру өнеркәсiбi
басқармасының бастығы
Сұрағанов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Жамбыл Амангелдiұлы Салық комитетiнiң № 1 Өңiраралық салық
комитетi заң басқармасының бастығы
Төлеуов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Бейбiт Төлеуұлы минералдық ресурстар министрлігі Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментiнiң жер
қойнауын пайдалануға арналған
келісім-шарттар жасасу және жер
қойнауын пайдалану мониторингi басқармасы
бастығының орынбасары
Жанбекова - Қазақстан Республикасы Қаржы
Балжан Боранбайқызы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi
жер қойнауын пайдаланушылардың
инвестициялық келісім-шарттары
шеңберiнде өткiзiлетiн тауарларға
кедендiк бақылауды ұйымдастыру бөлiмiнiң
бастығы
Исмаилова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Айнагүл Есiмқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінiң
Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау
департаменті өнеркәсiп және құрылыс
бөлiмiнiң бастығы
Қуанышбаев - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ермек Мекебайұлы министрлігінiң Заңға тәуелдi кесiмдер
департаментi қорғаныс, құқық тәртібі
және сыртқы байланыстар мәселелерi
жөніндегі кесiмдердi сараптау
бөлiмiнiң бастығы
Саттаров - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Сапар Слямиянұлы минералдық ресурстар министрлігінiң Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментi жер қойнауын
пайдаланудың дерекқорын басқару
бөлiмiнiң бастығы
Тұмышев - "Қазақстан келісім-шарт агенттігi"
Айдын Лазарұлы акционерлік қоғамының бiрiншi
вице-президентi (келісім бойынша)
Төлешев - "Қазақстан келісім-шарт агенттiгi"
Әбiлахат Кенжебекұлы акционерлік қоғамы вице-президентінің
мiндетiн атқарушы (келісім бойынша)
Оспанов - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Ерболат Серiкұлы акционерлік қоғамының iрi мұнай-газ
жобаларына қазақстандық қатысуды дамыту
жөніндегі директоры (келісім бойынша)
Мұхамбетәлиев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Данияр Қаратайұлы акционерлік қоғамы Солтүстiк Каспий
жобасы департаментiнiң менеджерi (келісім
бойынша).
2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мыналар бойынша ұсыныстар енгізсiн:
1) Өнiмдi бөлу туралы келісімге және Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға қазақстандық қатысуға қатысты бөлiмдердi енгізу бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi жыл сайын сатып алу, сондай-ақ сатып алуға арналған бюджеттер бөлiгiнде жұмыс бағдарламаларын келiсу туралы;
3) қолданыстағы заңнамаға Өнiмдi бөлу туралы келісімдер бойынша жұмыс iстейтiн жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде қазақстандық қатысуды ұлғайту мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуға арналған келісім-шарттарды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бағалық сараптама мәнiне мiндетті түрде келiсуiне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша;
4) Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi шеңберiнде оларға қатысты преференциялық режим сақталуы қажет тауарлардың шектеулi түрлерiн және өтпелi кезеңнiң мерзiмiн айқындау бойынша.
3. Жұмыс тобына белгiленген тәртiппен орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын жұмыс тобының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тарту, сондай-ақ қажеттi ақпарат сұрату құқығы берілсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi И.М. Кравченкоға жүктелсiн.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |