Қазақстан Республикасының Халықаралық Архивтер кеңесiне мүшелiгi
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
29 маусымдағы 1994 ж. № 728 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Халықаралық архивтер кеңесiне кiруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттар бас басқармасына Халықаралық архивтер кеңесiнде архив iстерi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының атынан сөйлеу құқы берiлiп, ХАҚ Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының оның мүшесi болуына туындайтын мiндеттердi орындау үшiн тиiстi өкiлеттiктер берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттар бас басқармасының Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдарындағы қызметiн қамтамасыз ету үшiн жыл сайын қажеттi қаржы, оның iшiнде валюта қаржысын бөлудi көздесiн.
3. Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттар бас басқармасы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Халықаралық архивтер кеңесi мен оның органдары шеңберiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы жылына кемiнде бiр рет ақпар берiп отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi