“Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы № 552 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердің тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"85 АЛА-002681 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШC";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 218-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"218-2 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС";
"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 269-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"269 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС";
3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |