“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 383-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 20 мамырдағы
№ 135-ө Өкімі
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 28-жолдағы 17), 18) тармақшалар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 43-жол алынып тасталсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |