Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
14 қарашадағы № 1389 қаулысына
5-қосымша
ҚР Үкіметінiң 25.02.99 ж. № 177; 30.06.00 ж. № 994; 29.06.01 ж. № 891 қаулыларымен № 5-қосымша өзгердi; ҚР Үкіметінің 23.09.02 ж. № 1045 қаулысымен № 5-қосымша жаңа редакцияда
Нысан
Импорттық кеден баждарының ставкаларын қайта
қарауға арналған өтiнiм
Өтiнiм берушi _________________________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________________
Телефон, факс, E-mail _________________________________________________
Директор (басшы) ______________________________________________________
Заңды тұлғаның
тiркелген күнi ________________________________________________________
Тiркелген орны ________________________________________________________
Осы ақпарат мейлiнше толық болып табылады және қазiргi уақытта қол
жетерлiк барлық деректер пайдаланыла отырып дайындалған. Ол кез келген
қол жетерлiк тәсiлдермен тексерiлуi мүмкін.
Ұсынылған деректердiң дұрыстығын куәландырамын (мыз)
Кәсiпорын басшысы __________________ __________________
(ведомство) қолы күні
мөрi
Бас бухгалтер _______________ __________________
қолы күні
Өтiнiмге мына ақпарат қоса берiлсiн:
Тауардың атауы: ________________________________________________
ТМД СЭҚ ТН коды: _______________________________________________
Кеден бажының қолданыстағы ставкасы ____________________________
Кеден бажының ұсынылған ставкасы _______________________________
1. Жалпы сипаттағы мына деректердi көрсетiңiз:
а) дайын өнiмнiң (дайын бұйымның) өзiндiк құнының орташа құрылымы.
б) осы шикiзаттың ТМД СЭҚ TH кодтарын көрсете отырып, түпкi өнiмнiң
(дайын бұйымның) импортталған шикiзат құнының үлесi.
в) импорт кезiндегi шығындар: кедендiк құны, кеден бажы, кеден
алымы, акциздер, дайын өнiмге және импортталған шикiзатқа ҚҚC.
г) орташа көлiктiк шығыстар (импорт пунктiнен тұтынушыға дейiн, ел
iшiндегi өндiрiс пунктiнен тұтынушыға дейiн).
2. Отандық өнеркәсiп саласының өндiрiстiк қуаттарының мөлшерiн және
өндiрiстiң соңғы үш жылдағы нақты көлемiн көрсетiңiз.
3. Баға 5%, 10%, 15%, 20% және 30% артқан (төмендеген) жағдайда
елдегi тауар өндiрiсiнiң өсу (төмендеу) мүмкiндiгiне Сiздiң бағалауыңызды
келтiрiңiз.
4. Салада жұмыс істейтiндердiң саны.
5. Салада заттай алғандағы өндiрiс көлемдерiнiң 5%, 10%, 15%, 20%
және 30% өзгеруi (төмендеуi/артуы) кезiнде салада жұмыс iстейтiндер
санының өзгеруiне (төмендеуiне/өсуiне) Сiздiң бағалауыңызды берiңiз.
6. Көлiк және үстеме шығыстарды ескере отырып, СИФ (теңге) және iшкi
көтерме бағалар (отандық өндiрiс) негiзiнде есептелген, осы тауарға
импорттық бағалардың соңғы үш жылдағы ара қатынасын келтiрiңiз.
7. Осы өнiмдi республикаға негiзгi экспорттаушыларды, олардың осы
өнiмдi берудiң жалпы көлемiндегi үлесiн көрсетiңiз (болмаған кезде
жекелей әрбiр экспорттаушының беру көлемдерi көрсетiлсiн).
8. Баға 5%, 10%, 15%, 20% және 30% артқан (төмендеген) жағдайда
тауарға (импорттық және отандық) жалпы сұраныстың төмендеу (өcy)
мүмкiндiгiне Сiздiң бағалауыңызды келтiрiңiз.
9. Iшкi рынокта импорттық тауарға баға 5%, 10%, 15%, 20% және 30%
өзгерген (төмендеген/артқан) кезде импорттың заттай көлемiнiң өзгеру
(төмендеу/арту) мүмкiндiгiне Сiздiң бағалауыңызды келтiрiңiз.
10. Iшкi рынокта отандық және импорттық тауарға бағалардың ара
қатынасы 5%, 10%, 15%, 20% және 30% өзгерген жағдайда iшкi рынокта
отандық және импорттық тауар сату ара қатынасының өзгеру (төмендеу/арту)
мүмкiндiгiне Сiздiң бағалауыңызды берiңiз.
11. Оның бәсекеге қабiлеттілігiн қолдау мақсатында осындай тауар
өндiрушi отандық өнеркәсiп саласы қабылдаған шаралар туралы мәлiметтер.
12. Қайта қараудың орындылығын негiздейтiн, қаралатын проблемаға
қатысы бар қосымша мәлiметтер.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
14 қарашадағы № 1389 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
"Қазақстан Республикасы беретiн жеңiлдiктер кестесiн пайдаланатын елдердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 1009 қаулысы (Қазақстан Респубилкасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 25, 292-құжат).
"Әкелiнетiн тауарларға арналған кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 15 тамыздағы № 1125 қаулысы. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 тамыздағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 20 қазандағы № 1361 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 тамыздағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 300 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 наурыздағы № 305 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 12, 91-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 тамыздағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi № 849 қаулысы.
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 15 тамыздағы № 1125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 шiлдедегi № 865 қаулысы.