7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке түскен мүлiктi сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
171-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 491551 мың теңге (төрт жүз тоқсан бiр миллион бес жүз елу бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық қаржы Корпорациясына, Халықаралық даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң "Көпжақты агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 264 Заңы 2-бабының 1 және 2-тармақтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi, Еуропа Қайта құру және Даму Банкi, Азия Даму Банкi, Ислам Даму Банкi сияқты iрi және беделдi қаржы ұйымдары қатарында акционер мәртебесiн алуға байланысты қабылдаған өз мiндеттемелерiн орындауы, оларға мүшелiк Қазақстан Республикасының кредит ресурстарына, оның iшiнде экономика мен қаржы саласындағы реформаларды қолдауға жеңiлдiктi шарттарда қол жеткізу, техникалық көмек пен гранттарды алуға құқық бередi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу. Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы үшiн көздеген төлемдер кестесiне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелiк жарналарды тұрақты төлеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
№ |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 006 Халықаралық 1. ХКДБ - Қазақстан Бiр жыл Қазақстан
қаржы ұйымда- Республикасының iшiнде Республи-
рының акция- Қаржы министрлігі касының
ларын сатып шығарған 28.09.95 ж. Қаржы
алу № 001/002 және министрлігі
30.06.97 ж. № 5/5025
қарапайым вексельдер
қаражатының бөлiк-
терiн ХҚДБ акцио-
нерлiк капиталына
негiзгi және қосымша
жазылу есебіне
инкассалау;
2. ЕҚДБ - қолма-қол
бөлік ретінде сегі-
зінші мүшелiк жар-
наны төлеу; қаражат
бөлiктерiн, оның
iшінде ЕҚДБ акцио-
нерлік капиталына
қосымша жазылу есе-
біне Қазақстан Рес-
публикасының Қаржы
министрлігі шығарған
12.04.2001 ж. №
31-3-2-8/4630 жай
векселiнiң бесiншi
бөлiгiн, 13.04.2002 ж.
№ 15-9-2-8/4414 жай
векселiнiң төртiншi
бөлiгiн, 7.05.2003 ж.
№ ДМО-1-2/4082 қара-
пайым векселінің
үшiншi бөлiгiн,
01.04.2004 ж. №
ДМФО-1-2/3135 жай
векселiнiң екiншi
бөлiгiн және жай
вексельдiң бiрiншi
бөлiгiн (2005 жылғы
жетiншi мүшелiк жар-
наның есебiне)
инкассалау;
3. ИДБ - оныншы
мүшелiк жарнаны ИДБ
акционерлік капита-
лына негiзгi жазылу
шотына төлеу; бiрiншi
мүшелiк жарнаны ИДБ
акционерлік капита-
лына қосымша жазылу
шотына төлеу;
4. АДБ - Қазақстан
Республикасының Қаржы
министрлігі шығарған
17.05.96 ж.
№ 27-3-10/3719
қазынашылық векселі
қаражатының бiр
бөлiгiн АДБ акцио-
нерлiк капиталына
негiзгi жазылу шотына
инкассациялау
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Халықаралық қаржы ұйымдарының акционерi бола отырып, Қазақстан Республикасы осы халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңiлдiк жағдайларда бағдарламалық және жобалау қарыздарын тартады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
172-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
органдарының ақпараттық жүйелерiн құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2486377 мың теңге (екi миллиард төрт жүз сексен алты миллион үш жүз жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық Кодексi), "Этиль спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 3, 13-баптары; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 сәуірдегі Заңының 6, 11, 12-баптары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 08 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi реформалау туралы" 1998 жылғы 12 қазандағы № 4114 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттық жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Қазынашылықты жаңарту жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 қазандағы № 1059 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысы; "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 448 қаулысы; "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi туралы ереже" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; "Бюджет процестерiн басқару жүйесiн жетiлдiру бағдарламасын iске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жұмысын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 628 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік бюджеттi басқару және қаржылық бақылау процестерiн автоматтандыру, сондай-ақ есептеу, коммуникациялық, желi жабдықтары және ұйымдастыру техникасы құралдарын уақытылы жаңарту және жарақтандыру, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердi бiрiктiру және ақпарат қорғауды, Қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнде ақпараттық жүйелердi, жалпы нысандағы телекоммуникациялар мен салық әкiмшiлiктендiру жүйелерiн құру және дамыту; Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiн одан әрi жетiлдiру, кеден алымдары мен бюджетке төлемдер аударымдарын көтеру мақсатында кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жүктiк кедендiк декларациялардың электронды көшiрмелерiнiң дерекқорын орталықтандырып қалыптастыру, жасалған қорлардың негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң мониторингi, Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарын, Қазақстан Республикасының ұйымдары мен азаматтарын деректермен ақпараттық қамтамасыз eту; Құрылатын Электронды үкiметтiң компоненттерi ретiнде Қазақстан Республикасы Электронды кеденiнiң ақпараттық жүйесiн құру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден қызметтерiн көрсету бойынша барынша қолайлы жағдайлар жасау, сыртқы сауданы реттеу процестерiне тартылған Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және ведомстволарымен ақпараттық өзара қатынасты қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу процесiн ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткізу, ақпараттық жүйелердi интеграциялау мен ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік сатып алуды online-режимiнде жүзеге асыру үшiн қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгізу, бизнестi электронды жүргiзудi, электрондық сауда мен электронды қаржыны (электронды коммерцияны) дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Бюджет процестерiн басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ақпараттық-қаржылық бiрiктiрiлген жүйенi әзiрлеу және құру, ақпаратты қорғау және оларды техникалық қолдауды лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және бағдарламалық құралдарды сатып алу, министрлiктiң аумақтық бөлiмшелерiне серверлер сатып алу, сондай-ақ есептеу техникасы құралдарын, желi жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және ақпараттарды қорғаудың аппарат-бағдарламалық құралдарын, ҚКЖ жұмыс орындарын сатып алу; "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше-мемлекеттердiң аумағында жеке тұлғалардың бiрыңғай салық куәландыруы куәлiктерi деректерiн алмасу және есепке алу", "Бақылау-кассалық машиналарды тiркеу", "Қазақстан Республикасының резидент еместерiн тiркеу және есепке алу", Акцизделетiн өнiмдердiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттік реттеу ақпараттық жүйесi ақпараттық жүйелерiнiң пилоттық жобаларын әзiрлеу және дамыту, "Төлем қабiлеттілігi жоқ және банкроттық", "Мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсiн реттеу", "Деректердi кешендi көпөлшемдi талдау"; "Қазақстан Республикасының тұтастандырылған салықтық ақпараттық жүйесi", "Салық төлеушiлер мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi үшiн хабарларды кепiлдендiрiлген жеткізу мен ақпараттарды қорғау жүйесi", "Жеке тұлғалардың төлем көзiнен ұсталатын кiрiстерiн есепке алу", "ҚҚС төлеушiлердi тiркеу", "Салық есептілігiнiң электрондық нысандары", "Ipi кәсiпорындардың мониторингi" ақпараттық жүйелерiнiң функционалдығын кеңейту; салық органдарының бухгалтерлiк жүйелерi және байланысты ұйымдастыру үшiн салық комитеттерiн серверлермен және компьютерлiк жабдықтармен қамтамасыз ету; Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiне ақпараттық технологиялар енгізу, Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiн одан әрi дамыту; Дүниежүзiлiк Кеден Ұйымы кеден қызметтерiн компьютерлендiру үшiн ұсынған үздiк халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа кедендiк ақпараттық технологияларды енгізу, тауарларды электронды декларациялауды енгізу және қағазсыз жұмыс технологияларына көшу; электронды мемлекеттік сатып алудың интеграцияланған ақпараттық жүйесiн дамыту мен таралымын көбейту, мемлекеттік сатып алу саласындағы республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында электронды сауда тетiктерiн iске асыру, кейiннен ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграциялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
№ |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 007 Қазақстан
Республикасы
Қаржы мини-
стрлiгi ор-
гандарының
ақпараттық
жүйелерiн
құру және
дамыту
2 100 Қазынашылық- Oracle Application Жылдың Қазақстан
тың ақпарат- лицензиясын сатып iшiнде Республи-
тық жүйесiн алу 560 бiрлiк. касы Қаржы
құру Oracle Application министрлігі
бойынша 10 адам
оқыту.
Валюталық операция
үшін бағдарламалық