сыйақыларды (мүдделердi) төлеу iшiнде касының
(мүдделердi) Қаржы
төлеу министрлігі
3 101 Қарыздарды ?кіметтік қарыздарды 2005 Қазақстан
орналастыр- тартудың комиссион- жылдың Республи-
ғаны үшiн дық сыйақыларын iшiнде касының
комиссиялық төлеу Қаржы
төлем министрлігі
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасымен үкiметтiк борышқа қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
178-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Сенімдi тұлғалардың (агенттердiң) қызметтерiне ақы
төлеу деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3065 мың теңге (үш миллион алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 24 сәуiрдiң 2004 жылдың Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 171-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бюджеттік кредит берумен байланысты тапсырмаларды орындағаны үшiн сенім бiлдiрiлген адамдарға (агенттерге) сыйақыларды төлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сенім бiлдiрiлген адамдардың (агенттердiң) бюджеттік кредиттердi, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсетудi және қайтаруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
№ |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 015 Сенімдi Тапсырманы орында- жылдың Қазақстан
тұлғалардың ғаны үшiн сенім iшiнде Республи-
(агенттердiң) бiлдiрiлген адам- касының
қызметтерiне дарға (агенттерге) Қаржы
ақы төлеу сыйақыларды төлеу министрлігі
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сенім бiлдiрiлген адамдарға (агенттерге) бюджеттік кредиттердi, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсету және қайтару жөніндегі жүргiзiлген жұмыстар үшiн сыйақылар төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
179-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару,
жекешелендiруден кейiнгi қызмет, осымен және
кредит беруге байланысты дауларды реттеу, кредиттер
және мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi
орындау есебiнен алынған немесе өндiрiп алынған
мүлiктi есепке алу, сақтау"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 Заң күшi бар Жарлығының 2 , 14, 17-баптары; "Ұлттық қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 18-бабы; "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңының 6-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы; "Мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншiгiнде мемлекеттiң үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмдiлiгiне кешендi мониторинг жүйесiн енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi № 998 қаулысы; "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 мамырдағы 491 қаулысы; "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ереже" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 шiлдедегi № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік меншiктi басқару тиiмдiлiгi мен жекешелендiрудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жекешелендiрудiң барлық құралдарын пайдалана отырып, оның iшiнде брокерлердi тарту жолымен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында жекешелендiру объектiлерiн сатуды жүзеге асыру; жекешелендiруден кейiнгi бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттік меншiктiң, мемлекеттiң меншiк үлесi бар кәсiпорындардың, Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдар меншiгінiң активтерiн басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi; мониторинг есебiнiң бiрыңғай ақпараттық деректер қорын жасау; кредиттер мен мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау есебiне алынған не өндiрiп алынған мүлiктi есепке алу және сақтау; сотқа дейiнгi тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды консультанттарды тарта отырып, жекешелендiруге, мемлекеттік меншiктi басқаруға және жекешелендiруден кейiнгi қызметке байланысты дауларды шешу кезiнде және халықаралық төрелiк органдарда мемлекет мүдделерiн қорғау; жаппай (купондық) жекешелендiру кезеңiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының купондарды салу нәтижелерi туралы ақпаратты автоматтандырылған iздестiру және көшiрмелер алу үшiн, мемлекеттік мүлiктi жалға алуды есепке алу процесiн автоматтандыру үшiн мемлекеттік кәсiпорындардың және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржылық есептілігiн және олардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарларын дайындау, жинау, қорытындылау және талдау үшiн программалық өнiмдер әзiрлеу; акциялардың мемлекеттік пакеттерiмен мәмiлелердi тiркеуге байланысты бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қызметтерiне ақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
№ |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 016 Жекешелендi- Мыналарды: орташа Жылдың Қазақстан
ру, мемлекет- 60 акционерлік қо- iшiнде Республи-
тiк мүлiктi ғамның және 800 өзге касының
басқару, же- де объектiлердiң Қаржы
кешелендiру- (құрылысы аяқталға- министрлi
ден кейiнгi ман, көлiктiң, жыл-
қызмет, жымайтын мүлiктiң
осымен және және басқ.) құнын
кредит беруге бағалауды, актив-
байланысты тердi басқару тиiм-
дауларды дiлiгiнiң монито-
реттеу, кре- рингi және мемлекет-
диттер және тiк меншiктiң, мем-
мемлекеттік лекеттiң меншiк
кепiлдiктер үлесi бар кәсiпо-
бойынша мiн- рындар, сондай-ақ
деттемелердi экономиканың страте-
орындау гиялық салаларындағы
есебiнен жекешелендiрiлген
алынған не- ұйымдардың орташа
месе өндiрiп 177 объектiлерi
алынған мү- бойынша келісім-
лiктi есепке шарттық мiндеттеме-
алу, сақтау лердiң орындалуын
тексерудi; қор бир-
жасында орташа 10
акционерлік қоғам
акцияларының мем-
лекеттiк пакетiн
сатуды; монито-
рингтiң, оны сүйе-
мелдеу мен толық-
тыру бойынша де-
ректер қорын құру
жөніндегі жұмыстарды;
кредиттер мен мем-
лекеттiк кепiлдiк
бойынша мiндеттеме-
лердi орындау есе-
бiнен алынған не
өндiрiп алынған
мүлiктi есепке алу
және сақтау жөніндегі
жұмыстарды; програм-
малық өнiмдердi
әзірлеу жөніндегі
жұмыстарды; бағалы
қағаздарды ұстаушы-
лардың тiзiмiнде ак-
циялардың мемлекет-
тiк пакеттерiмен
жасалған мәмiлелердi
жүргiзуге арналған
қызметтердi сатып
алу.
Жекешелендiруге,
мемлекеттік мүлiктi
басқару мен жекеше-
лендiруден кейiнгi
қызметке байланысты
дауларды реттеу.
Жекешелендiрумен,
мемлекеттік мүлiктi
басқарумен және же-
кешелендiруден ке-
йiнгi қызметпен
байланысты сот тал-
қылауларындағы ше-
телдiк заң консуль-
танттарының жұмысын
үйлестiру.
Республикалық мен-
шiктiң орташа 860
объектiсi бойынша
сауда-саттық туралы
ақпараттық хабарла-
малардың жарияла-
нымдары.
Жылжымайтын мүлiктің
орташа 400 объектi-
сiнiң жер учаскелерiн
бағалау.
___________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республикалық бюджетке республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден жоспарланған мөлшерде ақшаның, республикалық меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың пайда үлесінің түсуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
180-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Министрлiктер үйi" ғимаратын күтiп-ұстау және сақтандыру"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 257807 мың теңге (екi жүз елу жетi миллион сегiз жүз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Министрлiктер үйi" ғимаратына (бұдан әрi - Ғимарат) шаруашылық қызмет көрсету; Ғимараттың технологиялық жабдықтарының iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету, сақтандыру жағдайы туындаған кезде шығындарды өтеу, Ғимаратты жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғимараттың техникалық жабдықтарын қолдау және техникалық қызмет көрсету, телекоммуникациялық қамтамасыз ету, Ғимаратты қорғау, оған шаруашылық қызмет көрсету, конференц-залдарды, жиналыс залдарын жарақтандыру, Ғимаратты зiлзала, өрт, жарылыс және басқа да тәуекел жағдайларына сақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
№ |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 017 "Министрлiк- 1) Электр техникалық Жылдың Қазақстан
тер үйi" жабдықтарды, инже- iшiнде Республи-