Қазақстан Республикасының Заңы
2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2005 жылғы 16 мамырдағы № 49-III Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңды iске асыру туралы ҚР Үкіметінің 08.12.04 ж. № 1289 қаулысын қара
1-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтілсiн:
1) кiрiстер - 1 128 444 762 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 984 195 003 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 36 992 617 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер - 12 248 627 мың теңге;
ресми трансферттердің түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;
2) шығындар - 1 089 469 412 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 38 975 350 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 54 090 076 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 64 512 908 мың теңге;
бюджеттік кредиттердi өтеу - 10 422 832 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 86 296 814 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерін сатып алу - 88 296 814 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсімдер - 2 000 000 мың теңге;
6) тапшылық - 101 411 540 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 1,7 процентi;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 101 411 540 мың теңге.
2 бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай түсімдер көзделсiн:
Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшiн 15 145 500 мың теңге сомасында жалдау ақысы;
Ресей Федерациясының әскери полигондарды пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсетiлетiн 3 621 750 мың теңге сомасында жалдау ақысы, оның:
421 440 мың теңгесі ақшалай түседі;
3 200 310 мың теңгесi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 007 "Сынақ полигондарын жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ және әскери техниканы жеткізу және жөндеу" және 011 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандар даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі пайдаланады.
3-бап. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке есептелетiн түсiмдердiң 2005 жылға арналған көлемдерi 2-қосымшаға сәйкес бекiтілсiн.
4-бап. Республикалық меншіктегі және тау-кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мүлiктi жекешелендiруден 2005 жылға арналған республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 3-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
5-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне:
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кiрiстер сыныптамасының "Роялти" коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру жөніндегі республикалық қор алдындағы берешегi, сондай-ақ келісімшарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың негiзiнде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомалары;
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кiрiстер сыныптамасының "Әлеуметтiк салық" коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары;
"Өндiрушілер көтерме саудада сататын, өзі өндiретiн бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;
"Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзі өндiретiн дизель отыны" коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым жөніндегі берешек есептелетін болып белгіленсiн.
6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген, еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге жұмыс берушілер есептеген жәрдемақы сомаларының көрсетiлген қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне есептеледі.
7-бап. Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың 2005 жылға арналған көлемдері 95 008 515 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
Ақтөбе облысынан - 1 371 334 мың теңге;
Атырау облысынан - 28 989 102 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 15 989 138 мың теңге;
Алматы қаласынан - 45 357 967 мың теңге;
Астана қаласынан - 3 300 974 мың теңге болып белгіленсiн.
8-бап. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшерi - 7 000 теңге;
2) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 6 200 теңге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептiк көрсеткiш 971 теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
9-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте бала тууға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылатын біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 3 422 775 мың теңге сомасында шығыстар көзделсiн.
10-бап. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасы iшкi істер органдарының жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiмшелерiнiң, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер көрсету шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 430 теңге сомасында белгiленсiн.
11-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар мөлшерлерi 2005 жылға 133 027 541 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 13 864 414 мың теңге;
Алматы облысына - 15 418 795 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 15 469 332 мың теңге;
Жамбыл облысына - 15 058 444 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 7 664 947 мың теңге;
Қарағанды облысына - 5 026 153 мың теңге;
Қостанай облысына - 9 478 426 мың теңге;
Қызылорда облысына - 11 009 439 мың теңге;
Павлодар облысына - 1 258 887 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 11 461 369 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 27 317 335 мың теңге болып белгiленсiн.
12-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тұрмыс-тiршілігін қамтамасыз ету жағдайлары туралы келісімге сәйкес Қарағанды облысы Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға 100 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.
13-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетiн оралмандардың көшiп келуiнiң 2005 жылға арналған квотасы бойынша келген оралмандардың отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге 8 044 223 мың теңге сомасында және оралмандардың көшiп келуiнің 1993-1998 жылдарға арналған квотасына енгiзiлген және тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген оралмандардың отбасыларына 841 090 мың теңге қаражат көзделсін.
Көрсетілген оралмандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен отбасының бір мүшесiне жүз еселенген айлық есептiк көрсеткiш есебiнен қаражат бөлінеді деп белгiленсiн.
14-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерлерде:
мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге - 2 550 415 мың теңге;
жаңадан iске қосылатын білiм беру объектілерiн ұстауға - 2 158 182 мың теңге;
арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге - 202 894 мың теңге;
жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға 89 737 мың теңге;
дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға - 4 163 745 мың теңге;
жергіліктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 200 000 мың теңге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына біржолғы материалдық көмек көрсету үшiн - 1 109 618 мың теңге;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының ТМД елдерi бойынша жылына бір рет темір жол көлiгімен жол жүруiн қамтамасыз етуге 116 602 мың теңге;
ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға - 1 107 800 мың теңге;
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың бірiншi және екiншi разрядтағы жұмысшыларының лауазымдық айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшін коэффициенттердің мөлшерлерін ұлғайтуға - 365 712 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерілсiн.
Көрсетiлген сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
15-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 4 061 200 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге - 500 000 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерін сатып алуға және жеткізуге - 789 300 мың теңге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 2 023 300 мың теңге;
кәсiптiк бастауыш білім беретiн мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 286 100 мың теңге;
облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктiлiгiн арттыру институттарында педагог қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың бiліктілігін арттыруға - 387 500 мың теңге;
облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктiлiгін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 75 000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
Көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлудi және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 7 593 325 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде кәсiптiк орта білім беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөніндегі шығыстарды өтеуге - 95 631 мың теңге;
медициналық кадрлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң біліктілігiн арттыруға және оларды қайта даярлауға - 149 771 мың теңге;
5 жасқа дейiнгi балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 532 285 мың теңге;
жүкті әйелдерді құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге - 736 794 мың теңге;
азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық алдын-алу тексерулерiн жүзеге асыруға - 847 844 мың теңге;
жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 5 231 000 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгенi ескерiлсiн.
Көрсетiлген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлудi және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
17-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттік төлем тарифінің көтерiлуiн өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 205 922 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер ескерілсiн.
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде телефон үшін абоненттiк төлем тарифтерiнің көтерiлуiн өтеуге сомалардың бөлiнуiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
18-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте электр энергиясы тапшылығын жабу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия беретiн ұйымдар өндірген электр энергиясы үшiн тарифтердің көтерiлуiн өтеу шығыстары 740 000 мың теңге сомасында ескерiлсiн, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
19-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Шағын қалаларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыруға 300 000 мың теңге, оның ішінде:
облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға нысаналы даму трансферттері - 278 500 мың теңге;
облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың тiршiлiк ету объектілерін күрделi жөндеуге ағымдағы нысаналы трансферттер - 21 500 мың теңге көзделсін.
20-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 15 800 000 мың теңге, оның iшiнде: ауылдық (селолық) жердiң денсаулық сақтау ісінде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 400 000 мың теңге;
нысаналы даму трансферттерi:
ауылдық (селолық) елді мекендердi ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салуға және қайта жаңартуға - 3 800 000 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлерде білім беру объектілерiн салуға және қайта жаңартуға - 6 000 000 мың теңге;
ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтау объектілерiн салуға және қайта жаңартуға - 5 600 000 мың теңге сомасында шығындар көзделсiн.
Көрсетiлген нысаналы даму трансферттері қаражаты есебiнен 2005 жылы салуға және қайта жаңартуға жататын ауылдық (селолық) жердiң білiм беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерінiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
21-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте қалаларда білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерiн салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 5 000 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттерi көзделсiн.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2005 жылы салуға және қайта жаңартуға жататын қалалардағы және облыс орталықтарындағы білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерінің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
22-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдауға арналған шығыстарының құрамында 7 553 292 мың теңге, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен айқындалатын тәртiппен мыналарға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 921 470 мың теңге;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға - 1 489 122 мың теңге;
өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға - 1 200 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілерге су жеткізу жөнінде көрсетілетiн қызметтер құнын субсидиялауға - 583 980 мың теңге;
өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 2 000 000 мың теңге;
екіншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлері мен топтарының тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге - 66 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 237 292 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтiн кәсіпорындарға арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 55 428 мың теңге көзделсін.
23-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер 12 881 986 мың теңге сомасында көзделсін.
24-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылға арналған резерві 10 258 913 мың теңге, оның ішінде:
төтенше резерв - 6 599 600 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерв - 3 059 313 мың теңге, оның ішiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдардың сот шешiмдерi бойынша міндеттемелерiн орындауға - 230 913 мың теңге;
облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв - 600 000 мың теңге сомасында бекітілсiн.
25-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте бұрынғы жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 240 605 мың теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігiне жүргiзушi куәлiктерiн, көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды және тiркеу нөмiрi белгiлерiн жасауға - 597 986 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасының меншiгiне шетелден жылжымайтын мүлiктi сатып алуға - 201 894 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн жасауға - 233 500 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар төлеуге - 200 000 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2002 жылы жұмылдыру тапсырмалары болған және жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарының сақталуын жүзеге асырған ұйымдарға қызметтерiне ақы төлеуге - 7 225 мың теңге көзделсiн.
26-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына арнап облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 6 300 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттерi көзделгенi ескерiлсiн.
Аталған трансферттердi бөлудi және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайды.
27-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үй саясатын iске асыру шеңберiнде тұрғын үй құрылысына сыйақының (мүдденің) нөлдiк ставкасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кредит беруге 42 000 000 мың теңге көзделсiн.
28-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылыс жинағына салымдар бойынша сыйлықақылар төлеуге 270 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
29-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Тұрғынүйқұрылысбанк" жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңiлдiктi тұрғын үй кредиттерi қарыз алушыларының 2004 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 47 707 мың теңге көзделсiн.
30-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамының акцияларын сатып алуға 2 500 000 мың теңге көзделсiн.
31-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүлiк кешенiн сатып алу нәтижесінде туындаған салықтық мiндеттемелерiн өтеу және оның негiзгi қорларын нарықтық құн деңгейiне дейiн қайта бағалау үшін "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 4 471 118 мың теңге, оның iшiнде:
резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша - 4 222 537 мың теңге;
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілген тауарларға, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы бойынша - 248 581 мың теңге көзделсiн.
32-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң шығындары құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен сақтауға 5 984 991 мың теңге сомасында, оның iшiнде:
нарыққа реттеуші ықпал ету үшiн дизель отынының нормативтен тыс қорын нысаналы сатып алуға - 3 719 300 мың теңге қаражат көзделгені ескерiлсiн. Дизель отынының нормативтен тыс қорын өткізуден түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне есептеледі;
жаңалау мақсатында шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiстерiнде көрсете отырып, мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын жаңалауға - 2 265 691 мың теңге қаражат көзделгенi ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгінiң мемлекеттік материалдық резервтің нормативтен тыс дизель отыны қорын сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
33-бап. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тiзбесi мен берешектер көлемдері бойынша, мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелерді орындауға бөлiнген кредиттер мен қаражаттар жөніндегі талаптары тоқтатылатын болып белгіленсiн.
34-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 7 958 123 мың теңге көзделсін.
35-бап. 2005 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимиті 19 755 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
36-бап. 2005 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтік борыш лимитi 750 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгіленсін.
37-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, бекiтілсiн.
38-бап. 2005 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тiзбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
2005 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесінде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсiн.
39-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.А. Назарбаев
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 2-і, № 3-III ҚРЗ
"2005 жылға арналған
республикалық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 3-ІІІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2005 жылға арналған республикалық бюджет
___________________________________________________________________
Санаты Атауы Сомасы,
Сыныбы мың теңге
Ішкi сыныбы
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
І. Кірістер 1128444762
1 Салықтық түсiмдер 984195003
01 Табыс салығы 428244145
1 Корпорациялық табыс салығы 428244145
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 495333410
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 320564488
2 Акциздер 9260692
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 164971233
үшін түсетін түсімдер
4 Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені 536997
үшін алынатын алымдар
06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 54894700
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 48642600
2 Халықаралық сауда мен операцияларға 6252100
салынатын басқа да салықтар
07 Басқа да салықтар 96513
1 Басқа да салықтар 96513
08 Заңдық мәндi іс-әрекеттердi жасағаны 5626235
және (немесе) құжаттар бергенi үшiн
оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттік
органдар немесе лауазымды адамдар
алатын мiндеттi төлемдер
1 Мемлекеттік баж 5626235
2 Салықтық емес түсімдер 36992617
01 Мемлекет меншігінен түсетін түсімдер 28152369
1 Мемлекет кәсіпорынның таза кірісі бөлігін- 628000
дегі түсімдер
3 Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекет- 4775500
тік пакетіне дивидендтер
5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден 18977250
түсетін кірістер
6 Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастыр- 802975
ғаны үшін сыйақылар (мүдделер)
7 Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер 1548393
бойынша сыйақылар (мүдделер)
9 Мемлекеттік меншіктен түсетін өзге де кірістер 1420251
02 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 3886828
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетудi)
өткізуiнен түсетiн түсiмдер
1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 3886828
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстар-
ды, қызметтер көрсетудi) өткізуiнен
түсетiн түсiмдер
03 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 11995
мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемле-
кеттiк сатып алуды өткізуден түсетiн ақша
түсiмдерi
1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемле- 11995
кеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік
сатып алу өткізуден түсетiн ақша түсiмдерi
04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, 1526167
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің бюджетiнен (шығыстар сметасынан)
ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекет-
тiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл-
дар, санкциялар, өндiрiп алулар
1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, 1526167
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi-
нiң бюджетiнен (шығыстар сметасынан) ұсталатын
және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар,
өндiрiп алулар
05 Гранттар 1665536
2 Қаржылық көмек 1665536
06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 1749722
1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 1749722
3 Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 12248627
01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген 55222
мемлекеттік мүлiктi сату
1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекет- 55222
тiк мүлiктi сату
02 Мемлекеттік материалдық резервтегi тауар- 12193373
ларды сату
1 Мемлекеттік материалдық резервтегi тауарларды 12193373
сату
03 Жердi және материалдық емес активтерді сату 32
2 Материалдық емес активтердi сату 32
4 Ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер 95008515
01 Төмен тұрған мемлекеттік басқару органда- 95008515
ынан алынатын трансферттер
1 Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы 95008515
қалаларының бюджеттерiнен алынатын
трансферттер
____________________________________________________________________