Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібі бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн;
заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы
заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру
мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын;
зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа оларға әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 16 қыркүйектегi
№ 1342 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке
код берудiң тәртібі
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Зейнетақылық орталық - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) - тұрақты жеке код, ол жеке зейнетақы шоттарын және азаматтарды бiрдейлендiру жөніндегі басқа да әлеуметтiк рәсiмдердi жүргiзу және бақылау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әрбiр азаматқа берiледi;
алушы - жеке адам, оның пайдасына зейнетақы жарналары жүргiзiледi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылады және/немесе оған Зейнетақы орталығынан зейнетақы төлемдерi тағайындалады;
төлемшi - заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы, заңда белгiленген тәртiппен Зейнетақы орталығына мiндеттi зейнетақы жарналарын жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға.
2. Әлеуметтiк жеке код:
әрбiр азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражат пен оның санына есеп жүргiзу;
алушыларға есеп жүргiзу үшiн ақпараттық база құру;
төлемшiлерден мiндеттi зейнетақы жарналарының түсуiн есепке алу;
жинақтаушы зейнетақы қорларында жеке зейнетақы шоттарының есебiн алу;
әрбiр алушыға оның жеке зейнетақы шотына бақылау жасау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
зейнетақы төлемдерiн есеп алу үшiн пайдаланылуы тиiс.
II. Әлеуметтiк жеке кодты берудiң тәртібі
3. ӘЖК берудi жүзеге асыратын орган жергiлiктi жерлердегi аймақтық бөлiмшелермен бірге Зейнетақы орталығы болып табылады.
4. ӘЖК беру үшiн:
төлемшiлер Зейнетақы орталығына белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерiн және барлық қызметкерлерге арналған екi данадағы iлеспе тiзiмдеменi бередi;
халықты әлеуметтiк қорғау органы Зейнетақы орталығына белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерi мен барлық зейнеткерлерге арналған iлеспе тiзiмдеменi бередi.
5. Тiркеу кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады:
1) ӘЖК;
2) тiркеу кезіндегі тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) жынысы;
4) туған күнi;
5) туған жерi;
6) тұратын мекен-жайы (iс жүзіндегі);
7) телефон нөмiрi;
8) құжаттың түрi (тууы туралы куәлiгi, ескi төлқұжаты, халықаралық үлгiдегi төлқұжаты, жеке басының куәлiгi, әскери билетi), сериясы, нөмiрi, күнi және берiлген жерi;
9) СТН және салық ұйымының атауы;
10) өзiне тiркеу кәртiшкесi толтырылған адамның қолы;
11) жауапты атқарушының қолы;
12) ұйым директорының қолы;
13) ұйымның мөрi.
6. Мәлiметтер электронды да, сондай-ақ жазбаша нысанда да Зейнетақы орталығы белгiлеген мерзiмдерде ұсынылады.
7. Ұсынылған мәлiметтерге сәйкес Зейнетақы орталығы алушыға ӘЖК бередi, алушыға есеп кәртiшкесiн ашады және Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктi ресiмдейдi (бұдан әрi - куәлiк).
8. Қажет болған жағдайда Зейнетақы орталығы ӘЖК беру үшiн белгiленген нысанда қажеттi мәлiметтердi нақтылау туралы сұрау салуды ресiмдей алады.
9. Зейнетақы орталығы төлеушiлерге немесе әлеуметтiк қорғау органына арнайы бланкiлерде куәлiктер бередi. Куәлiктер (дубликаттар) тегiн берiледi.
10. Төлемшi немесе халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi және iстеушiлерге немесе зейнеткерлерге куәлiктi бередi, олар куәлiктi алғаны туралы қол қояды.
11. Егер куәлiкте әлдебiр мәлiметтер күмәндi болса, онда алушының өтiнiшi бойынша Зейнетақы орталығы тиiстi өзгерістер енгiзедi.
12. Зейнетақы орталығы есеп кәртiшкесiне куәлiктiң берiлу фактiсiне белгi жасайды, өзгерістер енгiзiлген жағдайда нақтыланған мәлiметтердi ескере отырып, куәлiктi қайта ресiмдейдi және оларды төлемшiге немесе алушыларға беру үшiн халықты әлеуметтiк қорғау органының жауапты қызметкерлерiне бередi.
13. Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiкте мынадай мәлiметтер болады:
1) ӘЖК;
2) ӘЖК алу кезіндегі тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) туған күнi;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмiрi, берiлген күнi.
14. Куәлiк алушыда сақталады.
15. Куәлiк жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы кезiнде ғана күшке ие.
16. Куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, алушы өз бетінше немесе жұмыс берушi арқылы оны қайта қалпына келтiру туралы өтiнiшпен Зейнетақы орталығына немесе оның аумақтық органдарына өтiнiш жасауға құқығы бар. Зейнетақы орталығы (оның аумақтық органдары) алушының куәлiгiн жоғалтып алғаны туралы алушының өтiнiшi бойынша, өзiне ашылған есеп кәртiшкесiнiң негiзiнде оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Бұл мәселенi шешу үшiн, Зейнетақы орталығы алушыдан оның жеке басын куәландыратын қосымша ақпаратты және оның есеп кәртiшкесіндегі мәлiметтердi талап ете алады.
17. Куәлiк:
тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi өзгерген;
ондағы мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi анықталған;
пайдалануға жарамсыз болған жағдайда айырбастауға жатады.
Зейнетақы орталығы алушыға ӘЖК-дегi дәл сол нөмiрмен жаңа куәлiк (бұрын бергеннiң орнына) бередi.
18. Тiркеу кәртiшкесiнiң негiзiнде Зейнетақы орталығы алушыға есеп кәртiшкесiн ашады.
19. Есеп кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады:
1) ӘЖК;
2) тiркеу кәртiшкесi бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты;
3) тегi, аты, әкесiнiң аты;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және берiлген күнi;
5) туған күнi;
6) туған жерi;
7) жынысы;
8) тұрақты мекен-жайы (iс жүзіндегі);
9) азаматтығы;
10) зейнетақы орталығының және жинақтаушы зейнетақы қорларынан есептелген зейнетақы төлемдердiң сомасы;
11) алушының жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәлiметтерi (жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, атауы және банктiк реквизиттерi, жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шарттың нөмiрi және датасы, зейнетақы шотының нөмiрi, жинақтаушы зейнетақы қорынан есептелген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы);
12) зейнетақы iсiнiң нөмiрi (зейнеткер үшiн);
13) жеке шотының нөмiрi және алушының банкінің реквизиттерi (зейнеткерлер үшiн);
14) зейнетақы тағайындау, өзгерту, индекстеу және есептеу туралы мәлiметтер.
20. Есеп кәртiшкесi Зейнетақы орталығында зейнетақы iстерiн сақтау тәртібінде көзделген мерзiм бойы сақталады.
21. Есеп кәртiшкесіндегі мәлiметтер заңдарда белгiленген жағдайлардан басқа ретте жария етуге жатпайды.
22. Есеп кәртiшкесіндегі мәлiметтердi жария етуге жол берген адамдар заңдарға сәйкес жауаптылықта болады.