Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 383 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 1014 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Заңнамалық кесiмдерге сәйкес құқық қорғау органдарының функцияларын жүзеге асыратын, атыс қаруын алып жүру, сақтау және пайдалану құқығы берiлген кеден органдары лауазымды адамдарының санаттарын және кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрiлер және арнаулы құралдар түрлерiнiң тiзбелерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 65 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген атыс қаруы мен оқ-дәрiлер түрлерiнiң тiзбесiнде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) 9 мм РСА TКБ-0216 Кобальт бұйымы револьверi.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |