“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 375 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.12. № 1220 қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындарын тау көшкiнi қауiптi аймақтан көшiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Алматы облысының әкіміне Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындарын тау көшкiнi қауiптi аймақтан көшiру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн оларға тұрғын үй сатып алуға және екi 24 пәтерлi үйдi бұзу шығыстарын өтей отырып, 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервiнен 121547210 (бiр жүз жиырма бiр миллион бес жүз қырық жетi мың екi жүз он) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2005 жылдың қорытындылары бойынша орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |