“Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 383-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 92-ө Өкімі
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасы заңнамалық кесiмдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 59-жолдың 5-бағанында:
1) және 4) тармақшалардағы "қаңтар" деген сөз "маусым" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалардағы "2005" деген сандар "2007" деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақшадағы "ақпан" деген сөз "маусым" деген сөзбен ауыстырылсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |