“Трансферттік баға белгілеу мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық кесiмдердi
жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы”
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 242-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
Трансферттiк баға белгiлеу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетілдiру, халықаралық практиканы ескере отырып, трансферттік бағаларды қолдануды егжей-тегжейлi қарау мақсатында:
1. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi,
жетекшi
Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi,
жетекшiнiң орынбасары
Кнюх - Қазақстан Республикасының Экономика
Вера Андриановна және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Салық саясаты және болжамдар
департаментiнiң директоры, хатшы
Жанарбаева - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Нұргүл Сейфоллақызы бақылау агенттiгi Кедендiк кiрiстер
департаментiнiң бастығы
Төлебаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Алмас Қажыкенұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Инновациялық даму және сыртқы
байланыстар департаментiнiң директоры
Сейдәлi - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Жарылқасынұлы және сауда министрлігі Сауда комитетiнiң
төрағасы
Жұмабаева - Қазақстан Республикасы Табиғи
Әлия Маратқызы монополияларды реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөніндегі агенттiгiнiң
Бәсекелестiкті қорғау және дамытуды
үйлестiру департаментінің директоры
Сейсеқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Байжан Бақтыбайұлы министрлігі Салық комитетiнiң Iрi салық
төлеушілердi әкiмшілендiру және
мониторингтеу басқармасының бастығы
Зәуiрбекова - Еуразиялық өнеркәсiптiк қауымдастықтың
Зәуре Ғалымқызы вице-президентi (келісім бойынша)
Қасымжанов - "Қазақстан Республикасының салық
Мұрат Нұрғұлжанұлы консультанттары палатасы" қоғамдық
бiрлестiгi кеңесiнiң мүшесi
(келісім бойынша)
Тарапия Сатиш - "Испат Кармет" ашық акционерлік қоғамының
әкiмшілiк қаржылық және коммерциялық
директоры (келісім бойынша)
Фоулер Кортни - "PricewaterhouseCoopers" компаниясының
әріптесi (келісім бойынша)
Миннехен Томас - "ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз"
акционерлік қоғамы салық департаментiнiң
директоры (келісім бойынша)
Таунсенд Дуглас - Лондон қаласындағы (Ұлыбритания)
Халықаралық салық және инвестициялар
жөніндегі орталығы өкiлдiгiнiң кеңесшiсi
(келісім бойынша)
Тәменова Жанна - әріптес, "Эрнст энд Янг Қазақстан"
жауапкершілігі шектеулi серiктестiгi
салық бөлiмiнiң директоры
(келісім бойынша)
Садықов Рүстем - "Жанат КПМГ" жауапкершілігі шектеулi
серіктестігінің салық менеджерi
2. Жұмыс тобы 2005 жылғы 25 ақпанға дейiнгі мерзiмде трансферттiк баға белгілеу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |