Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
комитетiнiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру мен қайта
атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі №
938 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен;
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемелерiне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң "Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитеті аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi шегiнде жоғарыда көрсетiлген басқармалар штат санының лимиттерiн анықтау жөнiнде;
2) басқармалардың Ережелерiн бекіту және оларды әдiлет органдарында тiркеудi және қайта тiркеудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шiлдедегi № 714 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 291-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
3. Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
4. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
5. Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
6. Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
7. Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
8. Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
9. Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
10. Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |