Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
"Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 қаңтардағы № 89 қаулысы
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазоңтүстікгипросушар" жобалау-іздестіру институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Мекеме) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мекеме қызметінің негізгі мәні суландыру жүйелері жайкүйінің мониторингін жүргізу, суармалы төлімдердің құрылысын жобалауды жүзеге асыру, нормативтік әдістемелік құжаттар әзірлеу болып белгіленсін.
3. Мекеме штат санының лимиті 23 бірлік санында бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Мекеменің жарғысын бекітсін;
2) Мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: "2. Мемлекеттік мекеме" деген бөлімінде:
бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік мекемелер";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"2. Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы" Тараз қаласы".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |